Мәтіннің бір абзацын орыс тіліне аударыңыздар.
2- жаттығу
Сөйлем түрлеріне талдау жасаңыздар.
Наурыз төл- наурызда төлдеген малды төл басы ретінде бағалап, малжанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төлбасы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді.
Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер оған жем шашады.
3- жаттығу
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
Жұмбақты шешіңіздер.
Тіреусіз күмбез,
Сылақсыз қабырға.
Тұтқасыз есік,
Іргетассыз ғимарат (К ...)
Кейде жарты, кейде бүтін дөңгелек,
Түн болғанда шомылады көлге кеп. (Бұл не?)
4- жаттығу
Мағынасына назар аударыңыздар.
Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қастерлеуіміз керек. Әрбір Азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын және Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы.
5- жаттығу
Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, сөйлем мүшелеріне талдау жасаңыздар.
1.Студенты сдают экзамены и зачеты. 2. Вечер был прекрасный, и мы гуляли по берегу моря. 3. Дни были теплые, но вечер был холодный. 4. Погодо была теплая, но дождливая. 5. Сауле то письмо напишет, то телеграмму пошлет, но ответа нет. 6. Мы после занятии поедем в ауыл. 7. На базаре есть яблоки, и груши, и урюк, и вишня. 8. Динара закончила школу и поступила в университет.
6- жаттығу
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
Тобықты ішінде ең алғаш келген арбаны осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе болады. Біз, мұғалімдер, ауыл мәдениетін көтеруді өз қолымызға алғымыз келеді. Анам – оқымаған, қарапайым қазақ әйелі- бүкіл ауылға ортақ ана сиақты болатын.
7- жаттығу
Өлеңді 3 минутта есте сақтап, жатқа жазыңыздар.
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім - анам тілі - өз тілім!
Туған тілім - далам тілі - өз тілім!
Туған тілім - адам тілі - өз тілім!