Былтыр алтыншы сынып оқушылары сабақты жақсы аяқтаңыздарды.

Әуелі сөйлемдегі сөздердің қалай байланысып тұрған күрделі желісінің өзіндік ерекшелігін қарап білеміз.

а) Олар, сөйлемдегі сөздер тура және қосымша байланыстан тұрады. Оқушылары аяқтады.

Сынып оқушылары.

ә) Қосымша байланыстары бастауыш пен баяндауышқа байланысты. Әуелі баяндауышты тауып алып, бастауышқа сұрақ қоямыз.

- Кімдер аяқтады?

- Оқушылар аяқтады. (Әр сөйлем мүшелерінің тиянақты орналасқан сызық белгілері бар ғой, сонымен сыза беруге болады.)

- Оқушылар не істеді?

-Аяқтады. (Оқушылар аяқтады)

-Қандай немесе қай сынып оқушылары?

- Алтыншы сынып – сын есімнің реттік түрі, сыныптың деген зат есім ілік септігіндегі күрделі анықтауыш бастауышпен байланысуда.

- Қашан аяқталды?

-Былтыр аяқтады (мезгілдік үстеуден жасалып, қосымша баяндауышпен байланысып тұр, мезгіл пысықтауыш.)

- Қалай аяқтады?

- Жақсы аяқтады. (сын есімнің негізгі, сапалық түрінен жасалған қимыл- сын пысықтауыш, баяндауышпен байланысып тұр.)

- Нені аяқтады?

- Сабақты аяқтады? (Зат есім табыс септігіндегі жалпы есімнен жасалған дара және тура толықтауыш баяндауышпен байланысып тұр.)

Әрқашан синтаксистік талдау жасағанда ол сөйлем қандай мағынада айтылып тұрғанын, мысалы: бастауыш пен баяндауыштан құралғандықтан, бұл жалаң сөйлем болатындығын білдіре дәлелдеу керек.

Батыр Талғат.

Қазақстанның ғарышкер- ұшқышы және «Халық қаһарманы» (1995) ұшқыш-сынақшы, Ресей Батыры (1994) подполковник Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев 1951 жылы Алматы облысының, Қарғалы ауданында туған.

Алматы қаласындағы орта мектепті бітірді де, азаматтық әуе және инженерлерді даярлайтын Рига институтын 1974 жылы бітірді. Ол оқуды бітіргеннен кейін, Боралдай әуе өндірісінде еңбек етті.

Талғат Амангелдіұлы 1977 жылдан бастап, Алматы ДОСААФ аэроклубында жаттығуларға қатысты.

1979-1986 жылдары Алматы, Атырау ұшақтарының жазғы маусымындағы отрядында басшылық қызмет атқарды.

1980 жылы оған спорт шебері атағы берілді. 1983 жылы СССР-дің чемпионы (жеңімпазы) болды.

Талғат 1990 жылдан ғарышкерлер қатарына қабылданды , ұзақ жаттығулардан кейін, 1994 жылы ғарыш саласында тұңғыш рет әуе кеңістігінде 135 тәулік болып, Қазақстан Республикасы ғалымдарының бірнеше құнды зерттеулеріне үлес қосты.

 

 

СӨЗДІК

Әуе-небо

Даярлайтын- подготавливающии

Ғарыш саласында-в отрасли космоса

Тәулік-сутка

Құнды зерттеулер-ценное иследование

1- жаттығу