2. Сөз тұлғасына талдауға мысал келтіріңіздер.

3. Сөз таптарына талдауға мысал келтіріңіздер.

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Синтаксистік талдау жасату, жаттығу жұмыстарын жүргізу.

Студент нені білу керек:

- ауызекі сөйлеу тілін;

Студент нені меңгеру керек:

- Синтаксистік талдау жасауды;

- сөздікті қолдана білуді;

- мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

- мысалдар келтіре білуді

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

 

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

 

Үйге тапсырма беру:

Синтаксистік талдауға 6 сөйлем жазып келу. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз. Мәтіннен 6 сөйлемге синтаксистік талдау жасау.

 

Синтаксистік талдау

Синтаксистік талдау- фонетикалық талдау, морфологиялық талдау сияқты көп қолданылатын талдау. Мұнда негізінен сөйлем түрлері жай-жайылма, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем, құрмалас сөйлем – салалас, сабақтас, аралас құрмалас сөйлем, сөйлем мүшелері – тұрлаулы, тұрлаусыз, оқшау сөздер, оңашаланған мүшелер, олардың түрлеріне ажырату жолдары жатады. Әрине, осы ережелердің барлығын бір сөйлем ішінен табылсын деп айта алмаймыз, бір сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер келсе, келксі бір сөйлемде айқындауыш мүшелер, оқшау сөздері келуі ықтимал. Бірақ, сөйлем түрлерінен – жалаң, жайылма, атаулы, жақты, жақсыз сөйлем, сөйлем мүшелеріне талдау – синтаксистік талдауға тән қасиет.

Мысалы: