Мәтіннің бір абзацын алып, сөйлемдерді сөз тіркесіне талдаңыздар.

2- жаттығу

Мәтін бойынша жаңа сөздерді көшіріп жазыңыздар.

3- жаттығу

Мәтіннен үзіндіні орыс тіліне аударыңыздар.

Торғайдағы кәсіптік училищеде, Қостанайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқыған. 1903 ж. Орынбордағы діни училищені бітіріп, Қазандағы мұғалімдер семинариясында екі жыл окыған соң, 1905 жылғы революцияға қатысты деген айыппен оқудан шығарылады. Сол жылы Мәскеудегі діни академияға оқуға түсіп, 1906 ж. «сенімсіз студент» деп танылып, академиядан қуылган. 1909-1912 ж. шет ел халықтарының тұрмыс-салтымен танысуды (кейбір деректерде діни уағыздарды насихаттауды) мақсат еткен Ж. Еуропа, Африка, Таяу Шығыс, Азия елдерін жаяу аралап, 1913 ж. Жапония арқылы туған жерге оралады.

4- жаттығу

Сөйлемді сөз тіркесіне талдаңыздар.

Наурыз айы- Шығыс күн есебінде жылдың алғашқы айы. Қыстың соңы, көктемнің басы. Халық Наурызды бір ай бойы мерекелеуді әдетке айналдырған.

Наурызнама – шат-шадыманды ойын-сауық той. Тойда ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс, түрлі ойындар, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады.Наурызнама бұрын 3-9 күнге созылатын.

Наурыз көже – жеті түрлі дәмнен : сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жемістен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады.

 

5- жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыздар.

1.Сіз бұл жерге ... келіпсіз. 2. Анар ... көнді. 3. Ол мен үшін ... қымбат. 4. Жол ... ұзақ екен. 5. Басқа дәрілерге қарағанда ол ... қымбат.

6- жаттығу

Өз достарың туралы жақшаның ішіндегі берілген сөздерді қолданып әңгімелеңіздер.

Менің {досым ақылды, досым ұстамды, досым оқымысты} жігіт

немесе қыз.

Ол {қара торы, сұлу, ұзын бойлы, қара көзді, білімді} қыздарды

ұнатады немесе жігіттерді ұнатады.

Досым {мәдениетті, әдепті, қарапайым} адамдарды сыйлайды.

Ол {жалқау, өзімшіл, ұқыпсыз} кісілерді ұнатпайды.

Досымның {қалада,ауылда,тату-тәті, ата-анасымен}тұрады.

отбасы

 

7- жаттығу

Жұмбақтарды оқып, шешуін табыңыздар.

1 Шыр –шыр етеді,

Құлағыңнан өтеді.

Ұстай алсаң, сөйлеп кетеді.

2 Әншейінде жекесің,

Қарай қалса, екеусің.

3Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.