Сөз құрамына талдау.
1. Сөздің негізгі түбірін тауып, қай сөз табына қатыстылығын, мағынасына, құрамына қарай түрін анықтаймыз.
2. Туынды түбірлерді белгілейміз, сөз табын көрсетеміз.
3. Сөз құрамындағы әрбір қосымшаны жеке-жеке алып, қандай қосымша екенін белгілеу керек,жалғаудың түрін көрсетіп, жұрнақтың қай сөз табына тиістілігін анықтау қажет.
Мысалы : жаңалықтың
1. жаңа – сын есім, дара, сапалық.
2. жаңалық – зат есім жалпы дерексіз.
3. –лық – сын есімнен зат есім тудыратын өнімді жұрнақ.
- тың – ілік септік жалғауы.
Мысалы :Болатбектен
1. Болатбек – зат есім, жалқы, деректі.
2. Сөз екі түбірден тұрады, күрделі, оның ішінде біріккен сөз
а) Болат – зат есім, дара жалпы;
ә) бек - зат есім, дара жалпы;
3. –тен – шығыс септік жалғауы.
Мысалы : атамағаныңызбен
1. ата- етістік.
2. –ма- етістіктің болымсыздық жұрнағы.
– ған есімшенің жұрнағы
3. –ыңыз тәуелдік жалғаудың ІІ жағы, сыпайы түрі.
- бен – көмектес септік жалғауы.
Қазақ музыкасы - өмір айнасы.
Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. 19-ғасырдағы қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер қазақта мың ән, бес жүз күй барлығын жазған болатын. Қазақ халқы ән мен күйге аса құмар халы,әншіні де, күйшіні де, төбесіне көтерген халық. Қазақтың ұлттық музыкалық мәдениеті ән шығармашылығынан айқын көрінеді. Халық әндерінің мелодиалық құрылысында, ырғағында, интонациясы мен формасында ұлттық өзгешеліктер мен ерекшеліктері бар екені белгілі.
Лирикалық әндері кейде мұңды, зар толы болса, кейде көңілді жайдары, кейде теңіздей толқыған байсалды. Бұларда әрбір қазақтың жүрегінде жылы тиетін, туып өскен даласы бейнеленеді, көбінесе махаббат тақырыбы, сүйіспеншілік қасіреті мен қуанышы суреттеліп, қыздардың сұлулығы жырланады.
Қазақтың ақын, жырау, әншілері лиро-эпостық немесе тарихи жырларды да домбыраға қосып айтқан. Олардың қысқа қайырылатын, баяу әндері болады.Халық музыкашыларының эпостық, тарихи ертегі және тұрмыс тақырыбына арнап музыка аспаптарымен орындауға шығарған шығармалары «күй» деп аталады. Күй әнге қосылмай, тек музыка аспабымен ғана ойналады.
Әрбір күйдің өзіне тән аңыз - әңгімелері бар. Қазақ күйлері сан салалы : онда өз толқыны, бұлбұл әні, дауыл аттың дүрсілі, сан алуан табиғат құбылыстары мен көңіл күйлері қамтылады.
СӨЗДІК
Халық әні – народные песни
Өзгешеліктер- особенности
Сұлулық - красота
Аспап- инструмент
Лирикалық- лирически
1-жаттығу Мақал-мәтелдерді толықтырып көшіріп жаз және мағыналарын түсініздір.
1. Еріншек егіншіден . . . масақшы озады. 2. Ақыл-ауыздан, мерей - ... . 3. Ақыл тозбайды, . . . шірімейді. 4. Ақылдыға жан қымбат, ақылсызға . . . қымбат. 5. Әлсіз ат-сүріншек, ақылсыз адам - . . . .
2 -жаттығу Жұмбақтардың шешуін тауып, ерекшеліктерін сипатта. Ойдың берілу тәсілін анықтаңыздар.
1. Сүйреңдеген хайуаннан
бір сылым ет таппайсың.
2. Бұталы биіктің екі бетінде
екі бұлан жайылып жүр.
3. Көлдің қарама-қарсы бетінде адамдар
бір-біріне уық лақтырып ойнайды.
4. Ақ айдында ақ табақ қалқып жүр.
Шешуі: күн, екі құлақ, маса, көзді жыпылықтату немесе кірпік қағу.
3- жаттығу Тірек сөздерді қатыстырып, мәтін құрап жазыңыз.
Уәлиұлы Абылай ( Әбілмансұр), күй, ғалым зерттеушілер, күйлері, “ Ақ толқын”, “ Алабайрақ”, “ Бұлан жігіт”, “ Дүние қалды”, “ Жетім торы”, “ Қайран елім”, “ Шанды жорық”, т.б.
4- жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті сыңарын қойып, сөздерді байланыстыңыздар.
Сөз шындықты ... .
Аталы сөзге арсыз ғана ... .
Ащы сұраққа тұщы жауап ... .
Өнерді үйрен де ... .
Ақылды елден ... .
Дақылды жерден сұра.
5- жаттығу
Жұмбақтардың шешуін тауып, құрылысын анықтаңыздар.
1. Шетсіз-шексіз кенеп,
Өңі қашқан көне.
2. Ары лап, бері лап,
Ортасында темір сап.
3. Жартысы жадыратып нұр себеді,
Қалғаны қара мақпал бүркенеді.
4. Күндіз төбеңе шығады,
Түнде шегеге шығады.
Шешуі: есік, баскиім, құс жолы, тәуләк.
6- жаттығу Сөз құрамына талдаңдар.
Махамбеттің тамаша, ірі адамгершілік қасиетінің бірімынада: ол досы үшін жанын қиды, досының атақ –абыройын, жігер қайратын өзінің алдына сала, өзінен жоғары көтере сөйлейді. Махамбеттің ондай досы- Исатай.Өз басына келгенде, Махамбет- аса сыпайы адам, ол өзін еш уақытта көтере сөйлемейді, жауына мейірімсіздігін ғана айтқаны болмаса, өзін мақтамайды. Ал Исатайдың істерін, ерліктерін, сипатын айтқанда, Махамбеттің сөздері нөсер жауғандай ақтарылып, аруағы қозып кетеді.
7-жаттығу