Мәтіннен таныс емес сөздерді аударыңыздар.

2- жаттығу

Морфологиялық талдау жасаңыздар.

Тұңғыш- ғарышкер, сынақшы-ұшқыш, ұшу сапары, шеберлігін шыңдады, ғарыштық зерттеу орталығы, батыр-азамат, ғасыр адамы тіркестерін сөздік көмегімен түсініп алып, морфологиялық талдау жасаңыз.

3- жаттығу

Морфологиялық талдау жасаңыздар.

 

1. Шопандар жайлауға көшті. 2. Ауылға қайта алмадым. 3. Бүгін күзетке сен барасың. 4. Мен кешкі поездан әкемді қарсы аламын. 5. Қапшағай көліне саяхатқа бардық.

4- жаттығу

Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Біздің қаланың көшелері ұзын, кең. Ол көшелермен автокөліктер, троллейбустар, трамвайлар, жеңіл машиналар жүреді. Мен жұмысқа автокөлікпен келемін. Үйге троллейбуспен қайтамын. Автокөліктерге отыру үшін аялдамаға келемін. Кейде аялдамада адамдар көп болады.

5- жаттығу

Сөздерді сөз тұлғасына қарай морфологиялық талдау жасаңыздар.

Балалар, достарымыз,қаламгерлердің, Алматыда, жастармен, мұғалімнің, қыздардың, ағайынды, балықшы, қазақстандықтар.

6- жаттығу

Сөз таптарына қарай морфологиялық талдау жасаңыздар

1.Жер бетін аппақ қар басты. 2. Таудың бөктері қызыл, сары бәйшешектен көрінбейді. 3. Алма бағында алма, алмұрт жемітерй мәуелеп тұр. 4. Колледжде білімгерлер ақ халат киіп жүрулері тиіс. 5.Заңғар Алатау ақ сәлде киген қарияға ұқсайды.

7- жаттығу

Мақалдарды оқып, жаттаңыздар.

Достан сырыңды жасырма,

Дұшпанды басыңнан асырма.

Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.

Басыңды дауға берсең де,

Жолдасыңды жауға берме.

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.