Морфологиялық талдау

Морфологиялық талдаудың екі түрі бар. Ол сөздерді тұлғасына қарай талдау және мұны одан арі дамыта отырып, сөз таптарына қарай талдау.

1. Сөздерді тұлғасына қарай талдау.

Мына шартты белгілер қойылуы керек:

түбір

жұрнақ

жалғау

Мысалы:Пионерлер жазғы демалыс кезінде тауға серуенге шықты.

2. Сөз таптарына қарай талдау.

Мысалы:Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы…(Абай)

Қақтаған- есімше тұлғалы етістік басқа сөзбен (ақ күмістей) анықтауыштық қатынаста жұмсалған, сұрауы- қандай?қақ-түбір, -та -зат есімнен етістік тудырып тұрған жұрнақ, -ған-есімшенің жұрнағы,-ақ-сапалық сын есім, түбір тұлға, күмістей- туынды (қатыстық) сын есім, сұрағы қандай? Түбірі-күміс, -тей-зат есімнен сын есім тудырып тұрған жұрнақ, кең маңдайлы- күрделі сын есім: кең- негізгі сапалық сын есім,түбір тұлға, сұрағы қандай? маңдайлы–туынды қатыстық сын есім сұрағы қандай? маңдай- түбірі , - лы- зат есімнен сын есім тудырып тұрған жұрнақ.

Тұңғыш ғарышкер

Дүниені дүр сілкіндірген 1964 жылғы он екінші сәір – ғарышты тұңғыш игерген Ю. Гагариннің ерлігін қазақ азаматы тәуелсіз елде тұңғыш қайталады. Ол 1991 жылы қазан айының екісі күні «Союз-ТМ-12» және «Мир» орбиталық кешенінде ғарышқа көтерілді. Өзінің алғашқы ұшу сапарын қазанның оны күні Жезқазған аймағына қонумен аяқтады. Осы ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Күндіз еңбек етіп, орта мектепті кешкісін оқм жүріп тамадады. Содан кейін Армавирдегі жоғары әскери училищені бітірді. Одақтың әскери бөлімдерінде білімін ұшу жұмыстарымен жалғастырды. Тоқтар 50-ден астам жаңа ұшақ түрлерінде сынақшы-ұшқыш түрінде жаттығу дайындықтардан өтті. Осы еңбегі үшін оған «СССР-ге еңбегі сіңген ұшқыш-сынақшы» деген жоғары атақ берілді.

Тоқтар Оңғарбайұлы Мәскеудегі авиациялық институтты бітірді.

1990- 1991 жылдары Ю. А. Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлайтын орталықта өзінің шеберлігін шыңдады.

1993 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ғарыштық зерттеу орталығының директоры. 1994-1999 жылдары Қазақстан Республикасының ұлттық ғарыштық зерттеу жұмыстарына басшылық етеді.

1995 жылы ұшқыш-сынақшы, батыр азаматқа «Халық қаһарманы» атағы берілді.

ХХІ-ғасыр басында Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров «Ғасыр адамы» жоғарғы атаққа ұсынылды.

 

 

СӨЗДІК

Ерлік-

Тәуелсіз елде-в незовисемой стране

Сапар шегу-путишествовать

Атақ-слава

Шеберлік - мастерство

1- жаттығу