3. Фонетикалық талдауға мысал келтіріңіздер.

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Лексикалық талдау жасату, жаттығу жұмыстарын жүргізу.

Студент нені білу керек:

- ауызекі сөйлеу тілін;

Студент нені меңгеру керек:

- Лексикалық талдау жасауды;

- сөздікті қолдана білуді;

- мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

- мысалдар келтіре білуді.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

 

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

 

Үйге тапсырма беру:

Лексикалық талдауға 5 сөйлем жазып келу. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз. Мәтіннен 2 сөйлемге лексикалық талдау жасаңыз.

 

 

Лексикалық талдау

1. Сөздің тура және ауыспалы мағынасын табамыз.

2. Әдеби тілге қатысын анықтаймыз.

3. Лексикалық қабаттар тұрғысынан мағына сипатын ашамыз.

4. Ауыспалы мағынаның жасалу жолын көрсетеміз.

Мысалы: Салған ән – көлеңкесі сол көңілдің,

Тактысына билесін ал құлаққа. (Абай.)

1. Ауыспалы мағынадағы сөздер: көңілдің көлеңкесі, билеу.

2. Көңілдің көлеңкесі ауыспалы мағына метафралық жолмен, билеу кейіптеу арқылы жасалған.

3. Такт сөзінің қазіргі қазақ әліби тілі тұрғысынан аудармасы бар (ырғақ- музыкалық термин) болғандықтан, жеке тұрғанда нормаға сай емес.

4. Такт- орыс тілінен енген сөз, қазіргі қазақ тілінің сөздік қорында ырғақ, иірім,әуен мәнінде қолданылады.

Қаныш Сәтпаев

Сәтпаев Қаныш Имантайұлы – аса көрнекті геолог, ғалым, қоғам қайраткері. Ол Қазақстанның ғалым Академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті.

Сәтпаев 1899 жылы бұрынғы Семей губерниясының Ақкелін болысында туған.

1926 жылы Томск технологиялық институттың тау- кен факультетін геологиялық балау мамандығы бойынша бітірді.

1926-1941 жылдары Атбасар, Қарсақбай трестерінде геология бөлімінің жетекшісі, бас геологы болды.

1941-1964 жылдары СССР Ғылым Академиясының Қазақ филиалы құрамындағы геологиялық ғалымдар институтының директоры қызметін атқарды.

Ғылыми еңбектерінің басым көпшілігі рудалық кендер геологиясын және Қазақстанның минералдық ресурстарын зерттеуге арнаған. Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск, Қарағанды тас көмір бассейнінде Қаратау поллиметалл кенінде ғылыми жұмыстар жасады. Кенді Алтайдың кендері мен Қаратаудың фосфоритінигеруде көптеген нысандарды іске қосты.1954-1957жылдары комплекстік металлогендік болжам картасын өндіріске енгізді.

Сарыарқа аймағында қара түсті, сирек металдардың кендері ашылды.

Қаныш Имантайұлы төрт рет Ленин орденімен, екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды. Ол – СССР Мемлекеттік (1942)және Лениндік (1958) сыйлықтарының лауреаты.

Сәтпаевтың есепке алынған еңбектерінің саны – 641. Мұның 534-і орыс, 98-і қазақ, 68-і екі тілде, 9-ы басқа тілдерде жариаланған.

1999 жылы Қаныш Имантайұлының 100 жылдығы ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтілді.

СӨЗДІК

Қоғам қайраткері-общественный деятель

Тұңғыш-первенец

Болжам картасы-карта прогноза

Зерттеу-исследовать

Енгізу-вносить

1- жаттығу

Мәтінді тірек ете отырып, сөйлемдерге лексикалық талдау жасаңыздар.

2- жаттығу

Мына сөз тіркестеріне лексикалық талдау жасаңыздар.

Қас пен көздің арасы, ақ саусақ, ақ мол болсын, көзімнің қарасы.

3- жаттығу

Мына сөз тіркестеріне сөйлем құрастырыңыздар.

Қас пен көздің арасы, ақ саусақ, ақ мол болсын, көзімнің қарасы.

4- жаттығу

Мына өлеңдегі кейбір сөз тіркестеріне лексикалық талдау жасаңыз.

Балдәурен – көктем,

Асығып жеткен.

Шағала күндер,

Базарлы маусым,

Тамсанып әсем,

Балауса балғын,

Көк майса шалғын,

Барады кімдер,

Тербеліп күйге,

Жайқалып билеп,

Ән салып әсем.

 

5-жаттығу

Мына нақыл сөздерге лексикалық талдау жасаңыздар.

 

Ақылдың көзі – аталы сөз. Тәрбие басы –тіл. Әдептің басы – тіл. Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз. Сәлем берген – саулық береді. Білікті адамның сөзі –таза гүл.

6- жаттығу

Фразеологиалық тіркестерді жаттап, мағынасын түсіндіріңіздер.

Тілге жүйрік, тілі мен жағына сүйену, тілімнің ұшында тұр, тілін тістеп қалды, тіліңді тарт, тілім тасқа, тілі тию, тіл қатпау, тілі шығу.

 

7- жаттығу

Мына пікірлерге келісімдеріңді не қарсылықтарыңды білдіріп дәлелдеңіздер.

1.Бүгінгі таңда көп тіл білу - қажеттілік.

2. 2005 жылдың мәліметтері бойынша Қазақстанда тұратын халықтың 100 пайызы мемлекеттік тілді меңгерген.

3. Сенің группаластарың қазақ тілін білмейді.

4.Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ .