Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.
Тілмәш, әуез, ғұлама, көздегіш, дәрігер, нәресте, ықылас, сырқат, оқулық , тілек, құрбы, оқулық .
3- жаттығу
Фонетикалық талдау жасаңыз.
1. Әннің де естісі бар, есері бар. Тыңдаушының құлағын тесері бар. 2. Өнер, білім- бәрі де оқуменен табылған. 3. Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. 4. Таңдай кеуіп, шөл қысты. 5. Еңбегі жоқ ғалым, ыстығы жоқ жалын.
4- жаттығу
Төменде берілген сөздердегі көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңыз.
Ағылш...н, а...ғарту, апыр..м-ай, әдепт.., ә..лет, б..йбіше, бөр..не,бүт..н, б..ғары, б..лезік, демеуш.., Ес..л, жа..ғырық, зем..іл, көг..л, қас..рет, қор..ақ, қау..сет, ләз..әт, орналаст..ру, өкпелег..ш, р..суа, т..уекел, тәу..р, т..белес, т..йме, түт..н, ұй..мдастырушы, ..шкір, шы...ғыру, ы..ғайсыз.
5- жаттығу
Төмендегі сөздердегі дауыссыз дыбыстарға фонетикалық талдау жасаңыз.
Жылқышы, ұшақ, бала, әйнек, шолушы, еден, орындаушы, балапан, жатақхана, мейман, шеберхана, көзсіз, қараңғы т.б.
6- жаттығу
Жаңылтпаштарды тез оқып, жаттап алыңыздар.
Сүт бетінде май балқаймақ,
Ол қай бал майқаймақ
Балдан тәтті бал майқаймақ
Ұстап қара қарындашты,
Ұштап қарындашын қарындасым,
Ұсынды қарындасым қарындашын.
7- жаттығу
Берілген сөздер мен сөз тіркестер арқылы сөйлем құраңдар. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар.
Жүгіру, бокс, биіктікке секіру, олимпиадада жеңімпаз атану, спортшы тәрбиелеу, сайысқа түсу, күресте жеңу.