Мысалы:Сәрсенбек өнерлі екен.

1. Сәрсенбек өнерлі екен

2. Сәрсембег өнөрлү ел(г)ен

3. Алғашқы сөзде б еріндік дыбысы н дыбысын өзіне ұқсатып, еріндік жасап, м болып айтылады, ө дыбысы е-ні ө-ге ұқсатады, соның әсерінен сонғы і дыбысы ү дыбысымен айтылады, к дыбысы кейінді ықпал әсерінен г дыбысына ұқсайды.

4. \Алғашқы Сәрсенбек сөзінің Сәрсембек болып айтылуы- кейінді ықпал, екіншісінің өнерлі - өнерлү болып айтылуы – ерін үндестігі заңдылығы.

5. Сәр- сен – бек ө- нер – лі е- кен.

Бітеу бітеу бітеу ашық бітеу ашық ашық бітеу.

6. С- дауыссыз, қатаң, тіл дыбысы.

ә- дауысты, жіңішке, езулік ашық дыбыс;

р- дауыссыз, үнді, тіл дыбысы;

е- дауысты, ашық, жіңішке, езулік дыбыс;

н- дауыссыз, үнді, тіл дыбысы;

б- дауыссыз, ұяң, ерін дыбысы;

к- дауыссыз, қатаң, тіл дыбысы;

ө- дауысты, ашық, жіңішке, еріндік дыбыс.

л - дауыссыз, үнді, тіл дыбысы;

і- дауысты, қысаң, жіңішке, езулік.

7. (Сәрсембегөнерлүекен)

Мұхтар Әуезов

Артына жиырма томдық еңбегін қалдырған жазушы, Мұхтар Омарханұлы Әуезов бүкіл әлемге танымал. Оның 100 жылдық мерейтойы 1997 жылы ЮНЕСКО-да аталып өтілді.

Ол ұлттық әдебиетті ғана байытып қоймай, дүниежүзілік әдебиетке үлес қосқан дана суреткер. Француз жазушысы Луи Арагон «Абай жолы» эпопеясын «ХХ ғасырдың ең үздік шығамаларының бірі» деп жоғары бағалады. Бұл академик жазушының төрт томдық еңбегіне берілген әділ баға еді. М. Әуезовтың талантты қаламгер екендігі бірнеше әңгімелері мен аудармаларынан, драмалық шығармаларынан байқалып, халқына мақтаныш әкелді. Ол көркем аударма саласында Шекспирдың, Гогольдің («Отелло», «Ревизор») шығармаларын тәржімалап, қазақ оқырмандарына жеткізді.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Алғашында ауыл молдасынан білім алады. 11 жасында әкесі қайтыс болады да, Мұхтарауылдан қалаға –немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді Осыдан былайқарай оның оқу-білім жолындағы сапары басталады. Алдымен Семейдегі орыс гимназиясында бес жыл, мұғалімдер даярлайтын семинарияда төрт жыл оқиды. Бұл Мұхтардың алаңсыз кітап соңына түскен –орыс әдебиетімен, Батыс Еуропа классикасымен етене кең және терең танысқан жылдар еді. Өзі де сөз өнеріндегі алғашқы адымын осы тұста бастап, қысқа-қысқа өлең, шағын әңгімелер жазып жүрді. Оқуда ынталы, қабілетті, ізденгіш, еңбекқор, озат шәкірт болды.

Одан әрі оқуын 1922 жылы Ташкент мемлекеттік университетіне өз бетімен тыңдаушы болып түседі, бір жылдан соң Санкт-Петербург университетіне ауысып, оның филология факультетін 1928 жылы бітіреді, ақыр аяғында, Орта Азия мемлекеттік университетінднгі Шығыс факультетінің аспирантурасын оқып аяқтап шығады(1930). Әуезов талантының жан-жақтылығы (жазушы, ғалым, ұстаз) осынау көп ізденудің, мол білімнің нәтижесі екені талассыз.Туған халқына мәңгілік мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау-қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген. Солардың бірі – Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» - Әуезовтың бас кітабы. «Абай жолы» романының бірінші кітабы 1942 жылы, екінші кітабы 1947 жылы жарыққа шыққан.

Сөйтіп «Абай жолы» деген кітап өзара тұтасқан төрт том (тетралогия) 1959 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды.

 

 

СӨЗДІК

Тілмәш-переводчик

Танымал- известный

Ынталы- усердный

Үлес қосқан-вносить лепту

Қабілетті-

Ізденгіш - любознательный

1- жаттығу

Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1. М. Әуезов артында неше том шығармасы қалды?

2. Оның 100 жылдық мерейтойы қайда мерекеленді?

3. Луи Арагон цитатасы қандай еді?

«Абай жолы» эпопеясы қандай атақтар әкелді?

2- жаттығу