2.Төл сөз бен автор сөзі қалай жасалады?

3. Төл сөз бен автор сөздерінің түрлеріне мысал келтіріңіздер.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Фонетикалық талдау жасату, жаттығу жұмыстарын жүргізу.

Студент нені білу керек:

- ауызекі сөйлеу тілін;

Студент нені меңгеру керек:

- Фонетикалық талдау жасауды;

- сөздікті қолдана білуді;

- мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

- мысалдар келтіре білуді.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

 

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

 

Үйге тапсырма беру:

Фонетикалық талдаудың ережесін есте сақтау. Мәтінні бір абзацынан қазақ тіліне тән әріптері бар сөздерді теріп жазу. 10 сөзге фонетикалық талдау жасап келу.

 

Фонетикалық талдау.

1. Сөз, сөйлем орфографиялық нормаға сәйкес жазылуы керек.

2. Орфографиялық нормаға келтіреміз, екпінді белгілейміз.

3. Сөздер ішіндегі, сөздер арасындағы түрлі дыбыстық әсерлерді, зандылықтарды айқындаймыз.

4. Дыбыстық ықпалдарды атаймыз.

5. Сөздерді буынға бөліп, буын түрін көрсетеьіз.

6. Әрбір дыбысты жеке алып, жасалу, айтылу ерекшеліктеріне қарай топқа бөлеміз.

7. Транскрипциясын жасаймыз.