6- жаттығу Көшіріп жазып төл сөз бен автор сөзін ажыратыңыздар.
...Оралбайдың тақаты қалмады.
-Ағатай – ау, мынау әнмен шақырып тұр ғой! Өзі дәл Бөкенші жайлауынан, Қаршығалыдан, тіпті Сүгір ауылының үстінен шығып тұр ғой! – деді. Аты да тыным ала алмай, ай астында жарқ беріп көлбеңдеп шырқ айналды.
-Рас, Сүгір ауылынан шығып тұр....Алда сорлы- ай, тілеуің қабыл екен ғой!- деп, Абылғазы кеңкілдеп, күліп қойды.
Жас жігіт енді тақат қыла алмай:
-Айтқаның шын болса, енді жүрші, бірге жүрші, Аба аға! Бағым ба, сорым ба, осының шақырғаны- мен ғой
Сонымен екеуі: «Жүр! Жүр!» десіп ап, тебініп жіберіп,ойдан төмен ағыза жөнелісті.
Керімбала мен жеңгесі Қапаны мынау көрші ауылдың бір бойжеткені бастаңғыға шақырып, «алтыбақан» құрған екен.Бағанадан бері жас жиын қайта-қайта алтыбақанға Керімбаланы мінгізіп, әнін тыңдап тұр екен.
7- жаттығу
Мақалдарды толықтырыңыздар.
Жақыныңды жаттай......, жат....... түңілсін.
Әдепті бала- ........бала,
....... бала – сорлы бала.
Әкеге қарап ........ өсер,
...... қарап қыз өсер.
Кәріге құрмет – балаға...... .
Сабақтың тақырыбы: Фонетикалық талдау.
Ұлылық ұлағаты М. Әуезов.
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1.Төл бен автор сөзі дегеніміз не?