Көшіріп жазып, төл сөз бен автор сөзін ажыратыңыз.
1.- Шайыңды даярлайын, босатшы еркем!- деді Айбала Ботагөздің қолын мойнынан жазып. 2. Таңертең Шығайбай бәйбішесіне: «Қонаққа көрсетпей маған нан беріп жібер», -деді. 3. Бір күні хан Жиреншеге хабар береді: «Жиренше біздікіне келсін, келгенде, жолмен де жүрмесін, жолсызбен де жүрмесін», - депті. 4. Тыңдап тұрған жұрт иықтарын көтере түсіп: «Жәкең дұрыс айтады, бәріміздің де айтатынымыз осы!»- десті. 5. «Осының өзін бидің құлағына салып қою керек болар», - деп ойлады Омар. 6. «Көмір, көмір!» - десіп қалды Андрейдің жанындағы адамдар. 7. «Сағыныш бар, дүниеде жұбаныш бар, көңілді көтеретін қуаныш бар», - деген екен Абай атамыз. 8. Алыстан оның өзін емес, атын таныдым,- дей беріп еді, сөзін әйелі бөліп жіберді.
5- жаттығу
Төл сөзді сөйлемдердің тыныс белгілердің қойылу ерекшеліктерін түсіндіріңіз, төл сөз бен автор сөзінің орналасу реттеріне көңіл аударыңыз.
Құнанбай тыңдап болды да: - Жарайды, айтам деп әкелгенің екен. Бірталай жерге жеткізіп айттың. Енді осымен тоқталайық! –деді. Құнанбай салқын жүзбен, кінәлай қарады:- Сен оқыдың да, білім алдың, ұстаз көрдің. Біз надан өстік. Бірақ сол білімнің жұрт алдында ата сыйлауды неге білдірмейді саған? Көп көзінше таласып кеп, әкеңді сүрінткенде не мұратқа жетесің? – Басталды ма! –деп, Көпей есікке қарай ойыса бергенде: - Жабай білем! –деп Күңше жүгіре жөнелді. – Енді қорықпаймын. Қайта беріңіз,- деп Назыкеш жүзін аз ғана бұрды да, бөгелмей ілгері кетті. «Осының өзін бидің құлағына салып қою керек болар» ,- деп ойлады Омар.