Төл сөз мен автор сөзі.
Төл сөз-сөйлеуші сөзінің ішіндегі біреудің айтқанын ешбір өзгертпей,сол айтылған күйі беруі.
Мысалы:«Ғылым таппай мақтанба» -дейді Абай.
Автор сөзі-төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі.
Мысалы:-деді Абай.
Төл сөз бен автор сөзінің өзара орналасу тәртібі төрт түрлі.
1. төл сөз-автор сөзі
2. автор -сөзі төл сөз
3. автор сөзі- төл сөз- автор сөзі
4. төл сөз- автор сөзі- төл сөз
Мысалы:
Мектепте оқып жүріп бір күні өлеңдерімді аудандық газет редакциясына алып бардым. Өзімді таныстырып, келген шаруамдның жайын баяндадым.
- Өй, айналайын, өлең жазып жүрген қарындасымыз өзің екенсің ғой! – деп редактор жылы тіл қатты.
- Жолың болады екен, қарағым. Өзіміз де сирек көретін мына Төлеген ағаң да бүгін біздің редакцияға бас сұққан екен, өлеңдеріңді көрсетіп ал, - деді.
Ақын аға маған қадалып бір қарады да:
- Өлеңдеріңді әкелші! – деді. Менің талай күндер жазған өлеңдерімді қас қағымда – ақ парақтап шықты.
Алтын адам ескерткіші
1970 жылы көктемде Алматы қаласының жанындағы Есік қалашығынан «төбе бөрікті» сақтардан алтын киімді бір «өкілі» табылды. Осындағы Есік өзенінің маңында сақтардың қолдан тұрғызған төбе-төбе зираттары көп. Олардың бірқатары саяжайлар арасында қалған. Сол қорған-төбелердің бірін қалаға кіре беріс тұстан автобаза салу үшін амалсыз бұзатын болғандықтан,оған археологтар шақырылды.
Арнаулы мамандар тобына бұған дейін он-он бес жыл бойы көне сақ, үйсін мәдениетін зерттеумен шұғылданып жүрген ғалым Кемал Ақышев басшылық жасады.
Алтын киімді сақ «өкілі» жатқан қорған-төбенің биіктігі 6, диаметірі 60 метр екен.Көлемі 8600 текше метр. Мұндай дәстүрлік құрылысты бір күнде қолдан тұрғызу үшін 3-4 мың адам таң атқаннан күн батқанға дейін құмырсқаша қыбырлап жұмыс істеуі крек көрінеді.
Қорғанның «Алтын адам» жатқан бөлме-камерасыТянь-Шань бөренелерінен қиюластырып жасалыпты. Сақ бекзадасы салт атты жауынгерге тән үрдісте салтанатты киіммен жерленген екен.
Бұл жаңалық туралы алғашқылардың бірі болып, жазушы Мырзабек Дүйсенов жазды.
«Бас киімінің өзі ғажап: биіктігі 50сантиметрге жетеді. Қоқайма киіз қалпақтың сырты былғары, былғарыға алтын әшекейлер жапсырылған. Мүйізді таутекенің басы, аш белі иілген барыстың, тауешкінің мүсіні қазіргі қазақтардың алаша, текеметтерінде кездесетін ою-өрнектер, ұзынша келген қамыстың құрағы сияқтыжұқа алтын жолақтар бас киімді өте бір салтанатты, сәнді етіп көрсетеді. Жігіттің оң қолында екі алтын жүзік бар. Жүзіктің үстіңгі жалпақ жағында қырынан түскен адамның бейнесі бар.Бұл әсілі әскербасы жігіттің мөрі болса керек. Ол осы қолымен қылыш ұстап жатыр. Денесінің оң жақ иығының үстінде күміс табақ, құс тұмсықты сабы бар күміс қасық пен күміс ожау жатыр. Күміс ожаудың түбінде 26 жазу таңбасы бар. «Рун жазуы»
Автор «алтын киімді адам» туралы оны тапқан археолоктар тобы жетекшісінің сөзін келтіреді: - Алдын ала тексергенімізде бұл 18 жасар жігіттің денесі болып шықты, -деді Кемал, - жастай өлгеніне қарағанда не қаһанның баласы, әрі әскербасы ма деп ойлаймыз.
Мынау оның сән-салтанатқа киетін киімі. Бәрі де таза алтын. Бас сүйегін антропологымыз тексеріп шықты. Антропологиялық және физикалық типі жағынан осы күнгі қазақтарға келеді.
СӨЗДІК
Жаңалық- новость
Әшекейлер-
Жүзік-перстень
Арнаулы мамандар-посвященные специолисты
Атты жауынгер-конное войско
1- жаттығуМәтінді өз сөзіңмен әңгімелеп беріңіз
2- жаттығу
Мәтін бойынша жаңа сөздерді теріп жазып аударыңыздар.
3- жаттығу
Мәтіннен төл сөз бен автор сөзін табыңыздар.
4- жаттығу