Махабатта бір - ақ формула бар ол - тұрақтылық.
А) (сызықша) себеп- салдар.
В) (қос нүкте) түсіндірмелі
С) (үтір мен сызықша) қарсылықты.
D) (үтір)ыңғайлас
Е) (үтір) кезектес.
Сабақтың тақырыбы:Төл сөз мен автор сөзі. Алтын адам ескерткіші
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Аралас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2. .Аралас құрмалас сөйлем қалай жасалады?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Төл сөз бен автор сөздеріне талдау жасату, жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
- Төл сөз бен автор сөздерінің жасалу жолдарын;
- сөздікті қолдана білуді;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
- мысалдар келтіре білуді.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Берілген мәтінді тірек ете отырып, өз бетінше Төл сөз бен автор сөзіне сөздерге 6 сөйлем құрастырып келу. Мәтіннің мазмұнын айту. Мәтінді орысшаға аудару. Төл сөз бен автор сөзіне 6 сөйлем құрастыру.