8 Құрмалас сөйлемдерденыңғайлас салалас түрін табыңыз.
А) Оттың жалыны әзір көрінбейді, бірақ жаңа ғана тұтанды дегенді.
В) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.
С) Жанат орнын ұсынып еді, - отырған жоқ.
D) Сыздық- етікші жігіт және жұрттың көзінде ең шебер етікші сол.
E) Күндіз қоңыр салқын болып тұр.
9. Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.
А) Дүниеде айнымайтын қорғаушың- ақыл.
В) Халықтардың жарқын өмірінің кепілі- бірлік пен береке.
С) Айтар ештеңесі жоқтар әрқашан нашар сөйлейді.
D) Өтірікші өзін алдайды.
E) Ол қызына 2түрлі нәрсені үйретуге тырысты: бірі - тұрақтылық, бірі -махаббат.
10 Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
А) Мылтық үні тарс етті.
В) Оның бағы жанды.
С) Бір кезде мылтық үні тарс етті.
D) Бала көзін жұмып алды.
E) Ол есікті тарс жапты.
11. Себеп -салдар салалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Оның қорыққаны сондай –не айтып, не қойғанын білген жоқ.
В) Айдағаның бес ешкі – ысқырығың жер жарады.
С) Енді жасыру мүмкін емес: үйлену тойы ертең, кеште.
D) Жақсыда кек жоқ, жаманда тек жоқ.
E) Таныдым: үй- Қарабеттің отауы.
12.Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.
А) Таң мезгілі болғанда, қонақтар да тарасты.
В) Жылан шаққан кісіні мүмкіндігінше қозғамай, төсекке жатқызып қойған абзал.
С) Енді он минут кешіккенде, атқа да мініп үлгермейді екенбіз.
D) Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.
Е) Екі жақты тыңдап алмай, үкім шығарма.
13.Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті.
В) Опың сөздік қоры мол болғандықтан, өз ойын еркін жеткізеді.
С) Мен оқыған кітап қызық-ақ.
D) Әдейі танытпау үшін, ол бет-аузын таңып алыпты.
Е) Түн.
14. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті, адамдар да өзгерді.
В) Міне біз де келдік Кеш те басталды.
С) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар.
D) Мен үй жинап жатырмын, өзің келіп кет.
Е) Сауран шаңғыға әуесқойлардың бірі бола тұра, әлі күнге мұншалықты ұзын алқапта , әсіресе мынау еңістікте сырғанап көрген емес.