Мәтіндегі аралас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыздар.
2- жаттығу
Мәтінді тірек ете отырып, аралас құрмалас сөйлемге 4 сөйлем ойластырыздар.
3- жаттығу
Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
Дәрумендер тепе-теңдігі бұзылуынан, теріде әртүрлі патологиялық аурулар пайда болады. Дәрумендер терінің қалыпты тіршілік әрекетінде зор маңызы бар. А дәрумені жетіспегенде болатын тері ауруларының патологиялық белгілері: терінің құрғақтығы, май және тер бөлінуінің төмендеуі, Бұл жағдайда А дәруменін тәулігіне 2-3 рет ішу керек.
4- жаттығу
Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
По тяжести ожоги разделяют на четыре степени. При ожогах первой и второй степени все ограничивается поражением кожи. Ожоги третьей степени вызывают ожоговую болезнь, так как при них повреждается мышцы, сухожилия, суставные сумки. При обширных ожогах, когда приходятся опосаться болевого шока, надо завернуть пострадавшего в чистую простыню и до прибытия врача давать сладкое питье.
5- жаттығу
Өзіңіз білетін тері ауруларына қарсы қолданылатын қандай шөптер бар, олардың қолданылуы туралы айтыңыздар.
6- жаттығу
Мақалды оқыңдар, жаттаңыздар.
Білімсіз адамның сөзі білектей,
Білімді адамның сөзі жібектей.
Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
Білмеген надан емес,
Білгісі келмеген надан.
Асылды қайрақ ұштайды,
Ақылды білім ұштайды.
7- жаттығу
Берілген сөйлемдерге сөздердің дұрыс формасын таңдап жазыңыздар.
Үлкенді (сыйлау, сыйламау) - қазақ халқының ата салты.
Өз отбасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да (сыйлай алады, сыйлай алмайды).
Ата-ана баланы дүниеге (келтіру), өмір (беру), тәрбиелеп (өсіру), білім (беру).
Ата-ананың (ақыл), көпті көрген (тәжірибе) отбасына үлкен көмегін тигізеді.
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1.Сабақтас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
А) 3 түрге;
В) 6 түге;
С) 8 түрге;
2. Бұл сөйлемнің қай түрі?
Құрамындағы жай сөйлемдердің біреуінің баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады.
А) салалас құрмалас сөйлем;
В) сабақтас құрмалас сөйлем;
С) аралас құрмалас сөйлем;
3. Қимыл – сын бағыныңқы сөйлемді табыңыз.
А) Жолда көп жүргендіктен, мен қатты шаршадым.
В)Театрға барсаң, маған телефон соқ.
С)Амантай үйден тез киініп шығып, автобусқа келіп отырды.
D) Күн жылынса, ауылға қайтамын.
E)Күн жылынса да, қар ерімейді.
4. Талғаулы салаласты табыңыз.
А) Жігіттің дені сау болса, сол- дәулет.
В) Күн бұлттанды, бірақ жаңбыр жауған жоқ.
С) Жолдастық- достық пен махаббаттаң бірінші баспалдағы.
D) Сәлім- әке- шешесінің тұңғышы әрі жалғызы.
Е) Мына Әсетті қасымызға щығарып бер, не болмаса кепіл бол.
5.Шартты бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
А) Бүгін жаңа ай туды.
В) Кітабын оқып болған соң, досына бере салды.
С) Табиғаттың тілін білсең,ешқашан қор болмайсың.
D)Маған жақындап келгенде ғана, өзімнің досым екенін таныдым.
E) Ертең апам келеді.
6. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Үйірме мүшелері М.Мақатаев өлеңдерін жатқа оқыды.
В) Балалар еңбек сабағына құрал - жабдықтарын әкелді.
С) Жамал пешке от жағып, асты әзірлей бастады.
D) Тұрмыс жақсы болу үшін, еңбек өнімді болу керек.
E) Жақып кешкі тымырсық ауаны сіміре жұтып, даланы ұзақ аралады.
7.Қарсылықты салалас жасауға болатын қатарды көрсетіңіз.
А) Жау шегінді. Бауыржан оны білген жоқ.
В) Түн. Ышқынған дауыл.
С) Шоқан ғылымға әбден берілді. Әскери қызметтен бас тартты.
D) Ескек қолынан түсіп кетті. Оның есі шығып кетті.
E) Қасиетті мекен. Күн сәулесі.