Сабақтың тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау.

Айша Бибі кесенесі.

Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;

-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

 

Тәрбиелік:

- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

- Білімгерлерді өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

 

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

 

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

1.Бөгде сөз дегеніміз не?

2.Бөгде сөздер қалай жасалады?

3.Бөгде сөздердің түрлеріне мысал келтіріңіздер.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Аралас құрмалас сөйлем және оның түрлерін қайталау.

Студент нені білу керек:

- ауызекі сөйлеу тілін;

Студент нені меңгеру керек:

- Аралас құрмалас сөйлем және оның түрлерінің жасалу жолдарын;

- сөздікті қолдана білуді;

- мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

- мысалдар келтіре білуді.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

 

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Берілген мәтінді тірек ете отырып, өз бетінше аралас құрмалас сөйлемге 5 сөйлем құрастырып келу. Мәтіннің мазмұнын айту. Мәтінді орысшаға аудару. Аралас құрмалас сөйлем түрлеріне 6 сөйлем құрастыру.