Аралас құрмалас сөйлем.

Кемінде үш жай сөйлемнен тұратын, құрамындағы сөйлемдер салаласа әрі

сабақтаса байланысатын құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз.

Мысалы:Балалар үйге кірсе, үлкендер дастархан басында отыр, жастар жеке әңгіме құрыпты.

Көптеген оқулықтарда, ғылыми әдебиеттерде аралас құрмалас сөйлем құрмаластың жеке бір түрі ретінде қарастырылады. Тек Есеновтың «Құрмалас сөйлем синтаксисі» (А., 1995) еңбегінде жеке бір түрінде оқытылмайды. Бұның себебін ғалым өзіне тән жасалу амал-тәсілдерінің болмайтындығымен түсіндіреді. Біз де осы пікірге қосылып, сабақтаса байланысу сабақтас құрмалас сөйлемдердегідей есімше, көсемше, рай арқылы жасалатынын айтамыз.

 

Мысалы: Балалар үйге кірсе, үлкендер дастархан басында отыр, жастар жеке әңгіме құрыпты.

Құрмалас құрамында екі салалас, бір сабақтас бар.

 

Мысалы: 1. Күн шығып, ел тұра бастады,-Нұрлан әлі жоқ, Амантай Серғазылармен ақылдасып еді, Жамантайдың науқасының түрі жаман болғандықтан, олар ырық бере қоймады.

2.Бұлар үйге кіргенде, түн ортасы жуық еді, бірақ Дәурен мен Айжан әлі жатпапты.

3.Дәннің төгілген жері құмайт екен, сумен араластырып електен өткізгенде, құм түгелімен ағып, дән електе қала берді.

Түркістан

Түркістан қаласы қазақ хандығының ең бірінші астанасы. Қаланың көне атауы –Яссы. Яссы Ұлы Жібек Жолының сауда орталығы және округі болған. XII ғасырда әсіресе Қ.А Яссауи көшіп келген соң ерекше атаққа ие болған. Түркістанға 1500 жыл. Яссауи – ортағасырлардың ерекше сәулеті болып табылады.Керемет орналасуы және әдемі мозаика суреттермен апталған қоршау. 1500 жыл ішінде Түркістан атақты шейх-көріпкел ақын Хазірет-сұлтан аталған Қожа Ахмет Яссауидің арқасында әлемге әйгілі болған. Ол кезде қала атауы –Яссы болатын. XIV ғасыр аяғында Түркістан Ұлы Әмір Темір арқасында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынған соң атақты болды.

Мұсылман әлемінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі екінші Мекке болып саналады. Оңтүстік Қазақстандағы 802 ескерткіштер ішінде : 528 археология ескерткіштері; 42 тарихи ескерткіштер; 226- сәулет ескерткіштері болып есептеледі. Ең қызық археологиялық ескерткіштер IX -XII ғасырлардағы қараханидтер кезеніне жатады. Бұл кезен Ұлы Жібек Жолы өркендеп келе жатқан кездегі әйгілі Отырар қаласы, яғни археологиялық қазбалар арқасында ол тарихи-мәдени қорық болып, Отырар жазирасына айналып, атақты туристік нысанаға айналды.

Сонымен қатар бұл жерде керемет тарихи мұражай моңғолдар шапқыншылығынан зардап шеккен нысаналар да бар. XII-XX ғасырға жататын ескерткіш Арыстан Баб атақты киелі көріпкелге арналған.

Бірақ одан да көлемді ескерткіш 2000 жылы 1500 жылдығын тойлаған Түркістан қаласындағы сәулет болып саналады. Әмір Темір бұйрығы бойынша атақты Қожа Ахмет Яссауи мазары үстіне кесене орнатылды. Көптеген тарихи кезендерді бастан кешкен бұл кесене биіктігі 40 метр.

Орталық залы – Қазақ хандар резиденциясы сақталған, спецификалық мұражай – пантеон ашылды. Мұражай маржаны болып мұсылман елдері ішіндегі ең үлкен Тайқазан бар. Ол 7 металл қоспасынан жасалған. Тарихи ескерткішке тағы да қорық болып саналған Ордабасы қорығы жатады. Бұл жерде Шымкенттен 30 км қашықтықта XVII ғасыр басында Қазақтар бірігіп, батыстағы моңғолдарға, яғни жоңғарларға қарсы шығып, Орда құрған еді.

Хандық - ханство

Ескерткіш- памятник

Әлем -мир

Әйгілі -обще известный

Тарихи- исторически

Мұражай - музей

1- жаттығу

Мәтіндегі аралас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыздар.

 

2- жаттығу

Төмендегі жай сөйлемдерден аралас құрмалас сөйлем құрап жазыңдар.

 

1. Кітабымды жолдасым әкетті. Сондықтан сабаққа дайындала алмадым.

Оқытушы ескерту жасады. 2. Көктөбеге бар. Төбеден төмен қара. Астанамыздың әсемдігіне сүйсін. 3.Жақында Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездестік. Әр сөзді зейін сала тыңдадым. Еліміздің әр сүйем жері үшін жанын сала жаумен майдандасқан жандарға деген сүйіспеншілігім арта түсті. 4.Бүгін маған кел. Өнер музейіне барамыз. Кейінгі кезде жаңа экспонаттармен толықтырылыпты.

 

3- жаттығу

Аралас құрмалас сөйлемдерге тыныс белгілерін қойыңыздар.

1. Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қауырт еріп еді сай-сайлар суға толып қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр. 2. Көзін сәулегеүйреткен Асқар терезеден қараса аспан айдай ашық екен де шуақты күн түске тармасып қалған екен.3.Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе әке-шешесінің дауыстары үздіксіз шығады да Лиза үйге қайтса сөздерінің аяқталмай тоқтал-ғаны аңдалады. 4. Ол бастықтың бөлмесіне келген еді бірақ басқа келгендер болып көпке дейін кезек келмей есік алдында күтіп қалды.

 

4- жаттығу

Аралас құрмалас сөйлемдерді құрамына қарай, орналасу тәртібіне қарай талдаңыздар.

1.Оған бірдеме дейін деп еді, -өкпесі алқымына тығылып, аузына сөз түспей қойды. 2. Сөйленген сөзден кейін ана өзін бүгінгі күннің лас ауырпалығынан арылып, тыңайған қалып сезілді, өзіне-өзінің көңілі толды және жұрттың бәріне де жақсылық , ізгілік көрсеткісі келді. 3. Ағынның күштілігіне көз тұнып, айналады, - қандай терең болғанымен , су түбіндегі жүздеген балық, жатқан тас , құм – бәрі алақандағыдай көрініп тұр.

5- жаттығу

Аралас құрмалас сөйлемдерді тауып, ондағы жай сөйлемдердің байланысу жолын айтып беріңіздер.

1.Егер Сағит аман жетіп, хатты қолына тапсырсы, қандай жағдайда жазғанымды ауызшада да айтар, дегенмен, болған халді қысқаша баяндап кетейін. 2. Кім екенін білу үшін, жортып барып алдын ала тосайын деп еді, маңайлап ұшып жүрген бүркіт шақырғанына келмей , жолдан қырындап кетті.

6- жаттығу

Төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Улы өсімдіктер, улы заттар, заттардың сапасы, улы заттардың саны, жер қыртысы әртүрлі , өсімдіктердің түрі, заттардың сапасы мен саны, өсімдіктердің бөлігінде, уландыратын әсері, өсу мерзімі, улылығын білу.

7- жаттығу

Мақалдарды жаттаңдар және орыс тіліндегі баламасын табыңдар.

1.Тілге құрмет елге құрмет.

2.Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.

3.Анам берген туған тілім,

Атам берген құрал тілім.

4.Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ой өсіреді.

5.Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.

6.Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.