Мәтіннің сұрақтарына жауап беріңіздер.
Теміртапшылықты анемия неден пайда болады?
Анемияның белгілері қандай?
Анемия кезінде (анализ алғанда) қандай өзгерістер болады?
Емдік шаралары қандай?
2-Жаттығу
Мәтін бойынша төмендегі сөйлемдерді толықтырыңыз.
Теміртапшылықты анемия ауруы сәбилерде ... кездеседі. Шала туған балаларда анемия алты айдан ... анықталады. Эитроциттердің ... азаяды. Балалар әлсізденеді, шаршайды, ... . Қанда гемоглобин ... төмендейді. Емдеу ... түрде жүргізілуі тиіс. Массаж бен гимнастика ағзадағы алмасу ... күшейтеді. Анемия формаларында ... препараттарын тағайындау керек. Анемияның ауыр түрінде емдеу ... жүргізіледі.
(Керекті сөздер: деңгейі, ауруханада, жиі, саны, арықтайды, процесін, темір, кейін, кешенді).
3-Жаттығу
Сабақтас құрмалас сөйлемдерді көрсетіңіз, орыс тіліне аударыңыздар.
Қазір жүректің ишимиялық ауруларын емдейтін әсерлі дәрі-дәрмектер жеткілікті болғандықтан, оларды кез-келген дәріханадан сатып алуға болады. Бұл дәрі-дәрмектің қайсысы болмасын орынсыз қолданылған жағдайда, адам өміріне қауіп төндіріп, әртүрлі асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін. Науқас кейде басқаларға көмектесіпті деген дәріні алып, іше салады да, оның соңы қауіпті асқынуларға соғып жатады. Ондай өзі білмейтін дәріні қабылдамас бұрын дәрігерге барып, мамандармен алдын –ала кеңесу қажет.
4-Жаттығу
Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
1.Я сходила в аптеку, который находится в центре города. 2. Для того чтобы выздороветь, ты должна лечиться. 3. Нурлан сказал, что его мама работает в поликлинике . 4. Чтобы определить причину болезни, нужно пройти полное обследование. 5. Чтобы лечиться в больнице, нужно взять направление у участкого врача.
5-Жаттығу
Сабақтас сөйлемдердің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Астанаға келгелі көңілім бір көтеріліп қалды. Қалаға кіре бергенде, аспанмен таласқан биік ғимарат бірден көзге түсті. Жұмыс көп болғандықтан, демалысқа шыға алмадым. Көпшілік сенім білдіргеннен кейін, жұмыстың абыройлы орындалғаны жақсы. Көлік болса, келесі ауылға жетіп алар едік.
6-Жаттығу
Жұмбақтың шешімін тауып, жаттап алыңыздар.
Аласы бар, қарасы бар, ағы бар,
Пышақ тисе егер ол,
Қып-қызыл боп жарылар.