Амал бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары
1. Көсемше арқылы:
а) -ып, -іп , -п жұрнағы:Тақтайдай тегіс жолда ішіндегі жолаушылардыңдаурыққан дауыстары ғана естіліп,су жаңа машина зырылдап келеді.
ә) -а, -е, -й жұрнақтары:Әні, күйі, биі араласа,концерт те басталып кетті.
2. Есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен жұрнағына –дай, -дей, -тай, -тей қосымшасы жалғануымен:Бектас айтқандай,зал іші халыққа лық толды.
Бағыныңқылы сөйлем басыңқыдағы іс-әрекет,қимыл,құбылыс,оқиға,ойдың мақсатын білдіретін сөйлемдімақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемдеп айтамыз.
Мысалы: Кезекші сабақты ауыстыру үшін, оқушылар мұғалімдеріменкелісулері керек.
Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің екі сыңарының дабастауыштары болу қажет,болмаса бұл жай сөйлемнің күрделенген түрі ғана болады.Мақсат бағыныңқының бір сыңары көбінесе алғашқы жай сөйлем-жақсыз сөйлем болады.
Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмаластың жасалу жолдары
1. Қимыл атауына үшін шылауы тіркеседі:Мақсаттары орындалуы үшін еңбектену керектігін олар да түсінеді.
2. Деп көмекші етістігіIII жақтағы бұйрық раймен тіркеседі:Балжан тынықсын деп,апасы есік-терезелерді жауып қойды.
3.Деп көмекші етістігі -ар, -ер, -р етістігі қосымшалары есімшемен біргежұмсалады:Атас қуанып қалар деп,немересі тақияны қайта-қайта қолына алды.
Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің жасалуында үшін, деп шылаулары негізгі қызмет атқарады.
Теміртапшылықты анемия
Теміртапшылықты анемияның негізгі себебі-аңзада темірдің жетіспеуі.Оған әртүрлі жағдайлар : қан жоғаоту,темір сіңуінің бұзылуы,темір қорын көп тұтыну себеп болады.Тәулігіне адам ағзасына келетін темірдің 3-7 мг.ғана сіңеді.Бұл қалыпты жағдайда гемоглобин түзілуіне жеткілікті.Егер ағза тәулігіне 1 ас қасықтан артық қан жоғалтса,бұл ондағы темірдің мөлшеріне әсер етеді.Сондықтан мұндай жағдайлар үнемі қайталанса,темір тапшылығы туындайды.Сондай-ақ темір сіңуінің бұзылуы асқазанға операция жасалғанда,ішек ауруларында байқалады.Ағзадағы темір қорын көп тұтыну әйелдердің екіқабат кезінде,яғни құрсақтағы баланың өсу кезеңінде туындайды. Теміртапшылықты анемиямен ауырған науқастардың шағымдары:тәбеттің нашарлауы,аузында дәмнің болмауы,кекіріктің пайда болуы,іштің ауыруы.Анемияның ауыр түрінде қатты және құрғақ тамақты жұту өте қияндайды.Ауру адамды қарағанда терісінің қуқыл тартқаны байқалады.Сонымен қатар терінің құрғақтығы,шаштың ерте ағаруы,көптеп түсуі,езудің жарылуы кездеседі.Жүрек жағынан анемияға тән систолалық шуыл естуге болады. Қанда эритроцит саны мен гемоглобиннің деңгейі төмендейді.Қанның сару суындағы темір мөлшері 1,5-2,5 есе,кейде одан да төмен азаяды.Емдік шаралары:құрамында темірі бар дәрілермен емдеу және құрамында темір мөлшері көп тамақтармен (бауыр,сиыр еті,жұмыртқа,алма,кептірілген жемістер)тамақтандыру.Себепші ауруларды емдеу.
Сөздік
Теміртапшылықты анемия-железодефицитная анемия
Сіңу-впитаться
Тұтыну-потребление
Қор-запас
Кекірік-отрыжка
Шуыл-шум
Жарылу-трескаться
Қуқыл-бледный
1-Жаттығу