Себеп бағыныңқылы сабақтасқұрмалас сөйлем

Бағыныңқы сыңарында басыңқыда хабарланған оқиға, құбылыс, іс-әрекеттің себебі ашылатын сабақтастың түрін себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп атаймыз.

Себеп бағыныңқылы сабақтасқұрмалас сөйлемнің жасалу жолдары

есімше арқылы, -ған; (Сүт тасып кеткендіктен, анасы қонақтарға шайлық сүтті көршілерден алдырды.) –ған; жұрнағынан кейін соң шылауы тіркеседі.(Маржан қысылып отырған соң, Сәкен де сұрай бермеді.)

көсемше арқылы, -п; -й; (Терезе жабылмай, отырғандар тоңып кетті. Оқушылар берілген тапсырманы уақытында орындап, ұстаздары риза болды.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем

Бағыныңқыдағы оқиға, іс-әрекет басыңқыдағы оқиға, іс-әрекеттің орындалғанынан немесе орындалу уақытын, мезгілін білдіретін сабақтастың түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемдейміз.

Мысалы: Сабақ аяқтала бергенде, атасы да есіктен кірді.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары

1. Есімше арқылы:Балнұр орнынан тұра бергенде,бала да кітабынажармасты.

а) Бағыныңқы баяндауыштан кейін кейде –ақ, ғана демеулік шылауларытіркеседі:Нұржан аузын аша бергенде –ақ, інісі ойыншығын тастады.

ә) Есімшенің-ар, -ер, -р жұрнағына жатыс септік жалғауы жалғанады:Меруерт қалаға аттанарда, анасы көп уайымдаған.

б) Атау септіктегі есімшелерге кезде, шақта, соң, сайын сөздері тіркеседі:Түн шымылдығы жабылған сайын,балалар қорқа бастады.

в) Барыс септіктегі есімше дейін, шейін демеуліктермен бірге жұмсалады:Ауыл ұйқыға жатқанға дейін,тойдың абыр-сабыры басылмады.

г) Шығыс септік және кейін, бері, былай сөздерінің қатысуыменжасалады:Жанат келгенімен, бұдан кейін Дулат хабарласпады.

2. Көсемше арқылы:

а) -а, -е, -й жұрнақтары:Микрофон дауысы шыға бере, отырғандартынышталды.

ә) -қалы, келі,- ғалы, -гелі жұрнақтары:Нұржан осы әңгімені қозғағалыбері, жолдасы да қызыға тыңдайтын болды.

б) -ып, -іп, -п жұрнақтары:Бір уақытта олардың дауыстары да естіліп,иағасының шапаны көзіне оттай басылды.

3. Шартты рай арқылы:Оспан артына қараса,көш те жақындап қалған екен.

Бағыңынқы сөйлемде басыңқыда орындалған оқиға, іс-әрекеттің өалай,қандай жолмен жүзеге асқандығы жайында айтылатын сабақтас сөйлем түріамал бағыныңқылы сабақтас сөйлемдеп аталады.

Мысалы: Жүрегі дүрсілдеп,түсі бозарып кетті.