Сабақтас құрмалас сөйлем нен өткенді қайталау
Сабақтас құрмалас сөйлем деп құрамындағы жай сөйлемдер басыңқы және бағыныңқы қатынаста байланысатын, алғашқысының баяндауышы тиянақсыз тұлғада болып, келесісіне бағынатын құрмалас сөйлемнің түрін айтамыз.
Мысалы: Белге шығып алып шауып келе жатып қарағанда, бала көрінбеді.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Құрамындағы бағыныңқы сыңардың басыңқыдағы іс-әрекет, оқиғаның шартын білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем дейміз.
Мысалы:Балалар уақытында келсе, кезекшілер де ерте қайтады.
Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдары
1.Шартты райдың –са, - се жұрнағымен :
Топ ұйымдастырушылары шебер болса, жұмысшылар уақытында бітер еді.
2.Көсемше арқылы:Ата-аналар келісімін бермей, оқушылар ештеңе шеше алмайды.
3. Есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтарына жатыс септік жалғауы қосылып, оған етістіктің болымсыз түрінің жұрнағы жалғанады: Көршілер уақытында ескертпегенде күшіктері де жоғалар еді.
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасқұрмалас сөйлем
Бағыныңқыдағы оқиға, іс-әрекет басыңқыдағы іс-әрекет, оқиғаға қарама-қарсы мәнде айтылатын сөйлем түрі қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем дейміз.
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдары
шартты рай тұлғасы арқылы, (мыс: Туыстары қанша қарсы болса да, Марат өз дегенін істеді.) есімше арқылы,-ған; (мыс: Қыркүйектің соңғы аптасы басталғанымен, күн ерте суытты.) көсемше арқылы,-а; -е; (мыс: Айжанның сөзі есімде бола тұра, Сандуғаш мектепке келмеді.)
Мысалы: Нұрбек ерте келгенімен, машина уақытынан кешігіп жетті.