Салалас құрмалас сөйлем

Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысы баяндауышы жағынан тиянақты тұлғада аяқталатын, өзара тең дәрежеде байланысатын құрмаластың түрін салалас құрмалас сөйлем дейміз.

 

Мысалы : Өзі балаларға әңгіме айтады, жолдастары тамақ әзірлейді.

Салалас құрмалас сөйлемнің алты түрі бар.

  № Салаластың Түрлері Жалғаулық шылаулары Жалғаулық шылаулар арқылы байланысуы Интонация не орын тәртібі арқылы байланысуы
1 Ыңғайлас салалас да, де,та,те, және, әрі Қыркүйек айы келіп жетті де, балаларға сабақ басталды. Қыркүйек айы келіп жетті, балаларға сабақ басталды
2 Қарсылықты салалас бірақ, алайда, сонда да, дегенмен Ән тоқтады, бірақ гитара сазы үзілмеді. Бас болмақ –оңай, Басқармақ - қиын.
3 Себеп-салдар салалас себебі, өйткені, сол себепті, сондықтан Ол бүгін ерте тұрды, себебі жол жүреді. Ол қатты шөлдеді, ыстық күн өтіп барады.
4 Түсіндірмелі салалас Сілтеу есімдіктері: мынау, сол, осы Сүйікті ақындарым осы- Абай, Махамбет, Мұқағали Ол баласына екі нәрсені үнемі кеңес етеді: адалдық және еңбек.
5 Талғаулы салалас Не,немесе, не болмаса, я, яки, я болмаса Бүгін театрда не спектакль болады, не концерт болады -
6 Кезектес салалас Бірде, біресе, кейде Театрда кейде спектакль болады, кейде концерт болады -

Салалас құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттері іс-әрекеттің жалғастығын білдіреді. Мұндай мағыналық берілуіне да, де, және, әрі жалғаулықтары қызмет атқарады.

 

Жалғаулықсыз түрінде мезгілдік қатынас өте берік болады.

Мысалы: Оның ойын достары қостады, әрі туыстары да осылай шешті.

Біреуі оқығанын айтты да, енді біреулері көргенін әңгімеледі.

 

Туберкулез ауруы

Туберкулез – жұқпалы ауру,бұл адам ағзасына «Кох таяқшасы» деп аталатын қоздырғыш-микробактериясы енгенде пайда болады.Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырмайды,5-10 пайызы ғана ауыруы мүмкін.Көптеген адамдардың иммундық- қорғаныс жүйелері туберкулез ауруына қарсы тұра алады.Ал денесі шынықпаған,аурушаң, дұрыс тамақтанбайтын адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады.Адамның ішкі құрылысына енген туберкулез таяқшасы көбінесе өкпені мекендейді.Туберкулездің белгілеріне мыналар жатады.

- жөтел;

- салмақ жоғалту;

- кеуденің ауыруы;

- тұрақты жоғары дене қызуы;

- түнгі терлеу;

- әлсіздік пайда болу;

- қан аралас қақырық түсуі мүмкін.

Егер уақытында емделмесе,мұндай аурудың 50 пайызына жуығы 5 жыл ішінде өліп кетуі, ал қалғандары өмір бойы мүгедек ьолып қалуы мүмкін.

Туберкулез адам ағзасының кез-келген мүшесін зақымдай алады.Бұның нәтижесінде өкпе,бронх,сүйек-буын,бүйрек және жыныс мүшелерінің туберкулезі пайда болады.Әртүрлі лимфа жолдарына,көз,ми қабығына да зиян келтіруі мүмкін.Туберкулезге шалдыққан адам диагнозы анықталғаннан кейін тез арада емделуі керек.Қазіргі уақытта бұл ауруды емдеп жазуға болады.

Емдеудің ең негізгі түрі- емдік дәрілерді дұрыс пайдалану.Туберкулезге қарсы қабылданатын аса күшті дәрілер бар,оны дәрігердің белгілеуімен пайдаланса,аурудың толық жазылуына мүмкіндік мол.

Сөздік

Қоздырғыш-возбудитель

Жұқтыру-заражать

Дене шынықпаған- незакаленный

Аурушаң-болезненный

Үнемі-постоянно

Мекендеу-жить

Мүгедек-инвалид

Жыныс мүшелері-половые органы

Зиян келтіру-причинять вред

1-Жаттығу

Мәтіннен салалас құрмалас сөйлемді тауып, түріне ажыратыңыздар.

2-Жаттығу

Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Туберкулез қандай ауру?

2.Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауыра ма?