5. Сауығу кезеңіндегі науқас жағдайды қандай болады?
6. Емдік шаралары қандай?
2-Жаттығу
Көп нүктенің орнына төмендегі керекті сөзді қойып, көшіріп жазыңыз.
1.Пневмония кезінде баланың ... қиындайды. 2. Науқастың ... көтеріледі. 3. Баланың ұйқысы ... 4. Бұл ауруды дер кезінде емдемесе, ... 5. ... түсі қуқылданады. 6. Емдеуді ... тоқтатқан қауіпті. 7. Өкпедегі ... баяу болады. 8. Дене қызуы ... төмендейді. 9. Өкпесінде ылғалды ... пайда болады. 10. Рентген арқылы ... маңызы бар.
(Керекті сөздер: сырыл, дем алуы, ерте, біртіндеп, бұзылады, өзгеріс, асқынып кетеді, терісінің, дене қызуы, диагноз қоюдың).
3-Жаттығу
Мәтін бойынша түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
4-Жаттығу
Төмендегі мақалдардың мәнін қалай түсінесіз?
1.Аурудың жақсысы жоқ
Дәрінің тәттісі жоқ.
2.Жаны ашымастың қасында
Басың ауырмасын.
5-Жаттығу
Мына сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.
1.Жақсы оқу үшін, ... . 2. Дәріханадан дәрі алсын деп, ... . 3. Адам тез жазылу үшін , ... . 4. Дәрігерге көріну үшін, ... . 5. Аружан білімді болсын деп, ... . 6. ..., емханаға бару керек. 7. ... , ол маған керек дәріні тез арада жеткізді. 8. ..., ол жұмыстан ерте шықты. 9. ..., дәрігерге бару керек. 10. ..., көп дайындалу керек.
6-Жаттығу
Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
Лекарствам из овса издавна припысывали магические свойства, главное из которых-духовное изцеление человека, исправление психики. Содержащийся в овсе витамин Е повышает потенцию, борется с ревматизмом, диабетом, атеросклерозом, болезнями печени, почек, циститом, бессоницей. Овес укрепляет иммуную систему, помогает справляться с детским диатезом.