Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

Бағыныңқылы сөйлем басыңқыдағы іс-әрекет,қимыл,құбылыс,оқиға,ойдың мақсатын білдіретін сөйлемді мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемдеп айтамыз.

Мысалы:Кезекші сабақты ауыстыру үшін, оқушылар мұғалімдеріменкелісулері керек.

Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің екі сыңарының дабастауыштары болу қажет,болмаса бұл жай сөйлемнің күрделенген түрі ғана болады.Мақсат бағыныңқының бір сыңары көбінесе алғашқы жай сөйлем-жақсыз сөйлем болады.

 

Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмаластың жасалу жолдары

1. Қимыл атауына үшін шылауы тіркеседі:

Мысалы : Мақсаттары орындалуы үшінеңбектену керектігін олар да түсінеді.

2. Деп көмекші етістігі III жақтағы бұйрық раймен тіркеседі:

Мысалы : Балжан тынықсын деп,апасы есік-терезелерді жауып қойды.

3.Деп көмекші етістігі -ар, -ер, -р етістігі қосымшалары есімшемен бірге жұмсалады:

Мысалы : Атасы қуанып қалар деп,немересі тақияны қайта-қайтақолына алды.

Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің жасалуында үшін, деп шылаулары негізгі қызмет атқарады.

Жедел пневмония

Балалардың тыныс алу жүйесі ауруларының ішінде-пневмония елеулі орын алады. Жас сәбилерде өте жиі кездеседі. Жедел пневмонияның өтуін үш кезеңге: басталу, меңдеу және сауығу кезеңдеріне бөлуге болады. Басталу кезеңінде науқас тұмауратып, түшкіреді, мұрнымен тыныс алуы қиындайды, жөтеледі. Содан соң тыныс алу сипаты өзгеріп, ол жиілей түседі. Тәбеті төмендеп, мазасыздануы арта түседі, ұйқысы бұзылады. Тексерген кезде тынысы қатаң болып, құрғақ кейде ылғалды сырыл естіледі. Аурудың бұл кезеңі 2-3 күнге созылады.Дер кезінде емдей бастаған жағдайда қабыну процесін асқындырмауға болады.Содан соң аурудың меңдеуі басталады. Дене қызуы көтеріліп, 38-39 градусқа дейін жетеді. Алқынуы өршіп, терісінің түсі қуқыл тартады. Кеудесін кере дем алғанда аздап сырыл байқалады. Бұл кезең 8-10 күнге созылады, дене қызуы біртіндеп төмендейді. Сауығу кезеңінде науқастың жағдайы жақсарып, ентігу, ауа жетіспеу белгісі жойылады. Өкпедегі өзгерістер баяу болады. Жедел пневмониямен ауырған науқастарды емдеудің тиімділігі диагнозды ерте анықтап дер кезінде ауруханаға жатқызу. Ауруды дер кезінде анықтауда рентген арқылы диагноз қоюдың маңызы бар. Аурудың қайталанулы мүмкін болғандықтан емдеуді ертерек тоқтату қауіпті. Науқасты бағып-күту, тамақтандурымен қоса антибиотиктерді және сульфаниламиндік препараттарды пайдалану керек. Сондай-ақ физиотерапия, емдік гимнастика, массаж жасау пайдалы.

Сөздік

Елеулі-заметно

Меңдеу-прогрессировать

Сауығу-выздороветь

Тұмаурату-грипповать

Түшкіру-чихать

Тәбет-аппетит

Ұйқы-сон

Қырыл-хрип

Қатаң-жестковатый

Құрғақ-сухой

Ылғалды-влажный

Алқыну-одышка

Қуқыл-бледноватый

 

1-Жаттығу

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Тыныс алу жүйесі ауруларының ішінде ең жиі кездесетін ауру қалай аталады?

2. Жедел пневмонияның өту кезеңін нешеге бөлуге болады? Қалай?

3. Басталу кезеңіндегі ауру белгісі қандай?

4. Меңдеу кезеңіндегі ауру белгілері қандай?