Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
Бронхиттің жедел түрі, бронхиттің созылмалы түрі, тыныс алу жүйесі, қақырық тастау, науқастың көңіл-күйі, көңіл-күйі жақсы, көңіл-күйі жаман, көңіл-күйі төмен, ағзаның бейімділігі, бірнеше күнге созылу, бірнеше аптаға созылу, тыныс алудың жиілігі, байқауға болады, ерні кезеру, сауығып кету, ем қабылдау.
2-Жаттығу
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Бронхит дегеніміз не?
Қандай түрлері бар?
Сырқат қалай басталады?
Науқастың ыстығы бола ма?
Жедел бронхиттің дамуына не әсер етеді?
Созылмалы бронхит кезінде процесс қалай жүреді?
Сырт қарағанда науқастан нені байқауға болады?
Бронхитті қалай емдеуге болады?
3-Жаттығу
Көп нүктенің орнына төмендегі керекті сөздерді жазыңыздар.
Ауру көбіне ... жөтелден басталады. Жедел бронхиттің дамуына мынандай ... әсер етеді: салқын тию т.б. Жедел бронхит ауруы ... күнге, аптаға созылуы мүмкін. Созылмалы бронхит кезінде қабыну процесі өкпе ... тарайды. Ауру адам жөтелу, қақыру, ... пайда болғанын айтады. Науқастың ернінің кезеріп, ... мүмкін. Созылмалы бронхитті емдеу шараларының ... сауығып кетеді. Ауру асқынған кезде созылмалы пневмонияға ... .
( құрғақ, факторлар, бірнеше, ентігу, ұлпасына, көгеруі, нәтижесінде, шалдығуы мүмкін)
4-Жаттығу
Сөйлемді жалғастырыңыздар.
1.Дәріханадан дәрі алып, ... , 2. Адам тез жазылып кету үшін, ... . 3. Сымбат ауылға келіп, ... . 4. Асан аялдамада тұрып, ... . 5. Арай айтқандай, ... .
5-Жаттығу
Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
1.Я пришла в аптеку, чтобы купить лекарства. 2. Для того чтобы выздороветь, ты должна лечиться. 3. Мы вышли из дому рано, чтобы не опоздать на поезд. 4. Для того чтобы быть образованным я много читаю. 5. Для того чтобы вовремя закончить работу, он много работал.
6-Жаттығу
Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
Айжан айтқандай, ертеңгісін қар жауды. Ол соқпақ жолды көп уақыт іздеп, әйтеуір тапты. Мереке ағашты жонып, ағаш ойыншық жасады. Алма ағашы жемістен еңкейіп, бағбан оны алманы жинап жеңілдетті. Дәрігер сырқаттың қасына келіп, оның ыстығын арнаулы құралмен өлшеді.