Амал бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Бағыңынқы сөйлемде басыңқыда орындалған оқиға, іс-әрекеттің қалай,қандай жолмен жүзеге асқандығы жайында айтылатын сабақтас сөйлем түрі амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп аталады.

Мысалы:Жүрегі дүрсілдеп,түсі бозарып кетті.

 

Амал бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары

1. Көсемше арқылы:

а) -ып, -іп , -п жұрнағы:

Мысалы:Тақтайдай тегіс жолда ішіндегі жолаушылардыңдаурыққан дауыстары ғана естіліп,су жаңа машина зырылдап келеді.

ә) -а, -е, -й жұрнақтары:

Мысалы:Әні, күйі, биі араласа,концерт те басталып кетті.

2. Есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен жұрнағына –дай, -дей, -тай, -тей қосымшасы жалғануымен:

Мысалы:Бектас айтқандай,зал іші халыққа лық толды.

Бронхит

Бронхит-бронхтардың қабынуы. Бронхит жедел және созылмалы болып екіге бөлінеді. Бронхит ауруы тыныс жүйелері сықаттарының ішінде жиілігі жағынан статистика бойынша бірінші орында тұр.

Сырқат көбіне құрғақ жөтелден басталады да, кейін іріңді қақырық тастау қосылады. Науқастың көңіл-күйі аса төмендей қоймайды. Кейде науқастың ыстығы көтерілуі мүмкін. Жедел бронхиттің дамуына ағзаның оған бейімділігін тудыратын кейбір факторлар үлкен әсер етеді (салқын тию, шаршап-шалдығу, темекі тарту, ішімдік ішу).

Жедел бронхиттің негізгі дамуына микробтар да себеп болады (пневмокок, стрептокок, стафилокок және әр-түрлі вирустар).

Жедел бронхит ауруы бірнеше күнге, кейде бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Кейде созылмалы бронхитке айналады.

Созылмалы бронхит кезінде қабыну процесі бронхтың терң қабаттарына және өкпе ұлпасына тарайды.

Дүние жүзі Денсаулық Сақтау Ұйымының (ВОЗ) ұсынысы бойынша созылмалы бронхит деп екі жыл қатарымен, әр жылда кем дегенде бір ай бойы қақырық тастауды айтады.

Ауру адам көбінесе жөтел мен қақырық тастау, сол сияқты ентігудің пайда болғанын айтады. Сырт қарағанның өзінде тыныс алудың жиілігін анықтауға, ентігіп отырғанын байқауға болады. Кейде науқастың ернінің кезеріп, көгеруі де мүмкін. Тыныс шығарғанда сырыл естіледі.

Созылмалы бронхитті емдеу нәтижесінде сауығып кетеді.

Кейде асқынып төмендегідей ауруларға жалғасуы мүмкін:

- Бронхоэктазия;

- Пневмосклероз.

- Өкпе эмфиземасы;

- Созылмалы пневмония.

Емдеу шаралары: 1. Қабыну процесін антибиотиктермен емдеу керек. 2. Бронх өткізгіштігін жақсартатын, оларды кеңейтетін, сол сияқты қақырықты сұйылтқыш дәрі-дәрмектер берілуі тиіс . 3. Әртүрлі физиотерапевтік емдер (қышадан бастап). 4. Егер асқынған жағдайда, олардан да басқа қосымша емдер қабылдануы тиіс.

Сөздік

«Бронхит» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыз.

Іріңді-гнойный

Қақырық-макрота

Бейімділік-склонность; предрасположение

Тудыру-создавать

Терең қабат-глубокий слой

Тарау-распостроняться

Кезеру-высохнуть

Өткізгіш-проводник

Сұйылтқыш-разжижатель

Сырт қарағанда-по внешнему виду

Сырыл-хрип

Қыша-горчишник

1-Жаттығу