Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың мағыналары.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтастардағы оқиғаның орындалу барысы бір мезгелде де, ір мезгіл шеңберінде де өтеді.Осындай ерекшелігін негізге алып,оларды екі түрге бөлуге болады:бір мезгілдес сабақтас,әр мезгілдес сабақтас.

Баспа

Баспа (ангина)дегеніміз-гректің бату,қысу деген сөзінен шыққан, әр түрлі микроорганизмдер,көбінесе стрептококтар мен стафилококтар туғызатын өте жұқпалы ауру.Бұл кесел ағзаға суық тигенде, өте суық сусын ішкенде пайда болады.Салқын тиген кезде ағза әлсіреп,микробтар ауруды қоздырып,тамақты қабындырады.

Ауру басталғанда дене қызуы көтеріліп,жұтынғанда тамағы ауырады;науқастың жалпы жағдайы нашарлайды. Әдетте астыңғы жақ лимфа түйіндері үлкейеді. Ауру 5 күннен 7 күнге дейін созылады.Асқыну болмаған жағдайда сауығып кетеді.

Емдеу. Науқасты оңаша ұстау қажет.Сульфаниламидтік препараттар ішкізеді,тамағын фурацилин натрий гидрокорбанаты ерітінділермен шайғызады.Аурудың интоксикация құбылыстары болып, ауыр тиген жағдайда антибиотиктерді парентералдық әдіспен 7-8 күн бойы енгізеді.Бұл ауру қайталай берсе,созылмалы түрге ауысады. Ал баспа асқынса, қан арқылы жүрекке, бауырға, бүйрекке зардабын тигізеді. Сондықтан баспамен қайталап ауырудан сақтану маңызды, ол үшін тіс жегіні, мұрын мен жұтқыншақты емдеу қажет (ультракүлгін сәуле беру,дәрігердің көрсетуімен аденоидтарды алып тастау).

Сөздік

Туғызу-порождать

Жұтынғанда-при глотании

Астыңғы жақ- нижняя челюсть

Түйіндер-узлы

Сауығу-выздороветь

Оңаша-отдельно

Шайғызу-полоскать

Ерітінді-раствор

Енгізу-ввести

Қадағалау- наблюдать

Тіс жегі-кариес

Зардап –последствие

1-Жаттығу

Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Баспа қандай ауру?

2.Ауру қалай басталады?

3.Ауруды немен,қалай емдейді?

4.Баспа асқынса,қандай мүшелерге зардабын тигізеді?

5.Сіз баспамен жиі ауырасыз ба?

2-Жаттығу

Мәтінді бірнеше рет қайталап оқыңыз. Бірінші рет неше минутта оқыдыңыз? Соңғы оқығаныңызға қанша минут уақыт кетті?

3-Жаттығу

Баспа тыныс алу жүйесі мүшелерінің ауруына жатады.Тыныс алу жүйесіне қандай мүшелер жатады?

 

4-Жаттығу

Мәтінді қаза тіліне аударыңыз.

5-Жаттығу

Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Возбудителями ангины могут быть стрептококки, стафилококки, пневмококки, другие микробы.Больного ангиной надо кормить жидкой пищей, не давать ничего холодного.Слизистая оболочка глотки краснеет,миндалины увеличиваются. Чаще всего при этом страдают сердце,почки,суставы. Больной должен обязательно соблюдать диету.

6-Жаттығу

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді тауып, оған сұрақ қойыңыздар.

1.Мен Қара теңізде демалғанда, Ербол Алматыда еді. 2. Жеңіс автобусқа отырғанда, Сәлима да келіп үлгерді. 3. Перизат үйден шыққанша, машина да келді. 4. Сіз тамақтанып болғанша, біз сізді көшеде күтеміз. 5. Мен шымкент қаласына барғанда, Ғазизаны көрген едім.