Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

Бағыныңқыдағы оқиға, іс-әрекет басыңқыдағы оқиға, іс-әрекеттің орындалғанынан немесе орындалу уақытын, мезгілін білдіретін сабақтастың түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.

Мысалы: Сабақ аяқтала бергенде, атасы да есіктен кірді.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары

1.Есімше арқылы:

Мысалы : Балнұр орнынан тұра бергенде,бала да кітабынажармасты.

а) Бағыныңқы баяндауыштан кейін кейде –ақ, ғана демеулік шылауларытіркеседі:

Мысалы : Нұржан аузын аша бергенде –ақ, інісі ойыншығын тастады.

ә) Есімшенің-ар, -ер, -р жұрнағына жатыс септік жалғауы жалғанады: Мысалы : Меруерт қалаға аттанарда, анасы көп уайымдаған.

б) Атау септіктегі есімшелерге кезде, шақта, соң, сайын сөздері тіркеседі:

Мысалы : Түн шымылдығы жабылған сайын,балалар қорқа бастады.

в) Барыс септіктегі есімше дейін, шейін демеуліктермен бірге жұмсалады: Мысалы : Ауыл ұйқыға жатқанға дейін,тойдың абыр-сабыры басылмады.

г) Шығыс септік және кейін, бері, былай сөздерінің қатысуыменжасалады: Мысалы : Жанат келгенімен, бұдан кейін Дулат хабарласпады.

2. Көсемше арқылы:

а) -а, -е, -й жұрнақтары:

Мысалы : Микрофон дауысы шыға бере, отырғандартынышталды.

ә) -қалы, келі,- ғалы, -гелі жұрнақтары:

Мысалы : Нұржан осы әңгімені қозғағалыбері, жолдасы да қызыға тыңдайтын болды.

б) -ып, -іп, -п жұрнақтары:

Мысалы : Бір уақытта олардың дауыстары да естіліп,иағасының шапаны көзіне оттай басылды.

3.Шартты рай арқылы:

Мысалы : Оспан артына қараса,көш те жақындап қалғанекен.