Сабақтың тақырыбы: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Баспа.

Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;

-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

 

Тәрбиелік:

- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

1. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не ?

2.Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қалай жасалады?

3.Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге мысал келтір.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Мезгіл бағыныңқылы сабақтасқұрмалас сөйлемді басқа түрлерінен ажырата білуге үйрету, сөйлеу дағдысын жаттықтыру. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді пайдаланып, әңгіме-сұхбат құруды, дұрыс сөйлеуді дамыту.

Студент нені білу керек:

- Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалуын;

- Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем құрауды;

Студент нені меңгеру керек:

- Мезгіл бағыныңқылы сабақтассөйлем құру дағдысын;

- Мәтіндегі жаңа сөздерді;

- Ауызша сөйлеу дағдысын.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге 6 сөйлем жазып келу. Мәтіннің мазмұнын айту. Мәтінді орысшаға аудару.