Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
Бағыныңқы сыңарында басыңқыда хабарланған оқиға, құбылыс, іс-әрекеттің себебі ашылатын сабақтастың түрін себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп атаймыз.
Мысалы : Оқушыларға үйірме концерт қойғандықтан, мұғалімдер жеке жиналды.
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасалу жолдары
1.Есімше арқылы:
а) –ғанжұрнағына шығыс септік жалғауы жалғанады.
Мысалы:Сүт тасып кеткендіктен, анасы қонақтарға шайлық сүтті көршілерден алдырды.
ә) –ған жұрнағынан кейін соң шылауы тіркеседі.
Мысалы:Маржан қысылып отырған соң, Сәкен де сұрай бермеді.
2.Көсемше арқылы : -п, -й
а) –й жұрнағы болымсыз етістікпен бірге:
Мысалы :Терезе жабылмай, отырғандар тоңып кетті.
ә) –п жұрнағы:
Мысалы : Оқушылар берілген тапсырманы уақытында орындап, ұстаздары риза болды.
Өт жолдарының аурулары
Өттің құрамындағы холестериннің көбеюі тастың пайда болуына әсер етеді. Сондай-ақ өт жолдарының қабынуы да оның пайда болуына бірден – бір себеп. Тастардың сыртқы түрлері әртүрлі : дөңгелек, сопақша, көпбұрышты, сырты бұжыр-бұжыр немесе тегіс, жылтыр болады. Олар өт жолында , өт қабында, кейде екеуінде де болады. Өт жолдарында пайда болған тас ауруы көп жағдайда белгісіз дамып, жылдар бойы адам ағзасында білінбей жүре беруі мүмкін. Оның негізгі және алғашқы белгісі-оң қабырғаның асты бірден шаншып ауыра бастайды. Бұл шаншу көбінесе майлы, сүр ет, қуырған тамақ немесе жұмыртқа жегеннен кейін басталады. Шаншу күні уақыт өткен сайын күшейе түседі, оң жауырынға беріледі. Бірнеше рет жүрегі айнып, құсады. Кейбір науқастар біресе тоңып, біресе қызуы көтеріліп мазасы кетеді, шөлдеп, ауызы құрғап, әлсірейді, жағдайы мүлдем нашарлайды. Өт жолы немесе бауыр ішіндегі өт жүретін жолдары таспен жабылып қалғанда, адам денесі, көзі сарғая бастайды. Ол көбінесе екі-үш күннен кейін байқалады. Кіші дәретінің түсі қоңырланып, кейде ағарып кетуі мүмкін. Өт жүретін жолдарда іріңді қабыну басталады (халангит), өттің айналасында түйін пайда болады,сары сулы сұйықтар (перитонит) шыға бастайды,осының әсерінен көбінесі адам сарғайып кетеді.Себебі өт жолын ішіндегі тас (тастар) жауып, өттің қанға таралуына жағай туғызады. Содан адамның бүкіл денесі өз өтіне уланады.Өт жолдарындағы қысымның артуына және қабынудың күшеюіне байланысты өт қабы жарылып,ішіндегі өт және іріңді сұйық құрсақ қуысына төгіледі.Мұндай кезде науқастың өміріне қатер төнеді,шұғыл түрде ауруханаға жатқызып,сырқатқа қолма-қол операция жасап,емдеу қажет.
Сөздік
Әсер-влияние
Сыртқы-внешний вид
Дөңгелек-круглый
Сопақша-продолговатый
Бұжыр-бұжыр-шершавый
Тегіс-ровный
Жылтыр-гладкий
Жылдар бойы-много лет
Білінбей жүре беру
Қуырған-жаренный
Тоңу-замерзать
Шөлдеу-жаждать
Улану-отравление
Жарылу-разрыв
Төгілу-проливаться
Уақыт өткен сайын-с течением времени
Түйін-узел, шишка
1-Жаттығу
Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Тастың пайда болуына не әсер етеді?
2.Тастардың сыртқы түрлері қандай?
3.Тастар қай жерлерде болады?
4.Оның негізгі белгісі не?
5.Шаншу қай кезде басталады?