Үлгі: Мен шақырдым. Ол келмеді. –Мен шақырсам да, ол келмеді.

1.Мен айттым. Ол түсінбеді.

2.Киноға бардым. Аяғына дейін отыра алмадым.

3.Оқытушы сұрады. Оқушы жауап бере алмады.

4.Алма көп шықты. Біздер жинай алмадық.

6-Жаттығу

Мына мәтінді оқып, одан –қан, -мен тұлғалы қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерді көшіріп жазыңыздар.

1.Үлкендерді сыйлау керек. 2 Оалр бізге қанша ұрысқанмен ақылдарын айтады. 3. Қазір үлкен адамдар азайып барады. 4. Жазда ауылға барғанмын, үлкендер тобын көре алмадым. 5. Сәлім ақсақалды іздеп барғанмын, кездестіре алмадым.

7-Жаттығу

Оң және сол жақ бағандағы жай сөйлемдерден–ған, -мен тұлғалы қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер құрастырыңыздар.

Үлгі: Жаз шыққанмен , күн жылынбады.

1.Кассаға барды. Билет болмады.

2.Ұйқысы келмеді. Ерте жатты.

3.Мен шақырмадым. Өзі келді.

4.Ән салдым. Дауысым шықпай қалды.

5. Телефон соқтым. Ешкім жауап бермеді.

6. Желтоқсан айы болды. Қар түскен жоқ.

Сабақтың тақырыбы: Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

Өт жолдарының аурулары.

Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;

-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

 

Тәрбиелік:

- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

 

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

1. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не ?

2.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қалай жасалады?

3.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге мысал келтір.

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Себеп бағыныңқылы сабақтасқұрмалас сөйлемді басқа түрлерінен ажырата білуге үйрету, сөйлеу дағдысын жаттықтыру. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді пайдаланып, әңгіме-сұхбат құруды, дұрыс сөйлеуді дамыту.

Студент нені білу керек:

- Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалуын;

- Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем құрауды;

Студент нені меңгеру керек:

- Себеп бағыныңқылы сабақтассөйлем құру дағдысын;

- Мәтіндегі жаңа сөздерді;

- Ауызша сөйлеу дағдысын.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

 

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

 

Үйге тапсырма беру:

Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге 5 сөйлем жазып келу. Мәтіннің мазмұнын айту. Мәтінді орысшаға аудару.