Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
Жедел гастрит.
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1.Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не ?
2. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қалай жасалады?
3. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге мысал келтір.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасқұрмалас сөйлемді басқа түрлерінен ажырата білуге үйрету, сөйлеу дағдысын жаттықтыру. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді пайдаланып, әңгіме-сұхбат құруды, дұрыс сөйлеуді дамыту.
Студент нені білу керек:
- Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалуын;
- Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем құрауды;
Студент нені меңгеру керек:
- Қарсылықты бағыныңқылы сабақтассөйлем құру дағдысын;
- Мәтіндегі жаңа сөздерді;
- Ауызша сөйлеу дағдысын.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге 5 сөйлем жазып келу. Мәтіннің мазмұнын айту. Мәтінді орысшаға аудару.
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Бағыныңқыдағы оқиға, іс-әрекет басыңқыдағы іс-әрекет, оқиғаға қарама-қарсы мәнде айтылатын сөйлем түрі қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем дейміз.
Мысалы:Нұрбек ерте келгенімен, машина уақытынан кешігіп жетті.
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдары
1.Шартты рай тұлғасы арқылы:
Мысалы:Туыстары қанша қарсы болса да, Марат өз дегенін істеді.
2.Есімше арқылы:
а) Бағыныңқы сөйлем баяндауышы –ған тұлғадағы есімшеден болып,оған көмектес септігі жалғауы жалғанады.
Мысалы:Қыркүйектің соңғы аптасы басталғанымен, күн ерте суытты.
ә) Есімшенің –ған жұрнағы барыс септікте тұрып, оған қарамастан демеулік шылауы тіркеледі.
Мысалы: Мұғалімнің жазғанына қарамастан, оқушылардың ойы да дұрыс екені дәлелденді.
3. Көсемшенің -а, -е жұрнағындағы сөзге тұр көмекші етістігі тіркеседі.
Мысалы:Айжанның сөзі есімде бола тұра, Сандуғаш мектепке келмеді.
Жедел гастрит
Жедел гастрит – асқазанның шырышты қабығының қабынуы. Бұл-өте жиі кездесетін ауру. Адам бұл аурумен ащы тамақ ішкенде, қышқылдармен, сілтілермен уланғанда ауырады. Сондай-ақ, ас қорыту аппаратарына тамақпен бірге микроорганизмдер мен олардың токсиндері (сальмонелла, стафилококк және басқалар) түскенде пайда болады.
Науқас ішінің, басының ауыратынын айтады, әлсіреп құсады, дене қызуы қалыпты болуы мүмкін немесе 38-39 градусқа дейін көтеріледі, қорытылмаған тамақты құсып тастайды. Терісі қуқылданып, тілін ақ үлпек басады, іші аздап кебеді. Ауыр формалары кезінде жүрек соғысы баяулап, қан қысымы төмендейді, ішін басып қарағанда құрсақ үсті (эпигастрий) аймағының ауыратыны анықталады. Науқас есінен танып, аяқ-қолы тырысуы мүмкін.
Емі. Дұрыс емделгенде жағдайы тез жақсарады, ауру 5-7 күнге созылады. Жедел гастритті аппендицитттен, дизентериядан айыра біоу керек.
Интоксикация симптомдары жойылғанға дейін төсектен тұрғызылмайды, асқазанды натрий ерітіндісімен немесе қайнатылған сумен жуып тазартады.
18-24 сағат бойы су-шай диетасы қолданылады. Одан кейінгі күндерде күтім жасауға арналған диета тағайындалады.
Дәрі-дәрмектерден дәрігердің көрсетуімен кардиамин, кофеин, строфантин, ішек инфекциясына күдік туғанда левомицитин ішкізеді.
Жедел гастрит дұрыс емделмесе, диета ұстамаса созылмалы гастритке ұласуы мүмкін.
Сөздік
Қышқыл-кислота
Сілті-щелочь
Улану-отравление
Жұқпалы-инфекционный; заразный
Жедел-срочно; быстрый, острый
Әлсіреу – ослабление; слабеть
Құсу-вырвать; срыгнуть
Қуқылдану-побледнеть
1- Жаттығу
Жедел гастрит деген не?
Ауру қай кезде пайда болады?
Аурулардың белгілері қандай?
Аурудың қандай емі бар?
2-Жаттығу
Төмендегі сұрақтарға науқас адамның атынан (мәтін бойынша) жауап беріңіз.
- Қай жеріңіз ауырады?
- ...
- Қай кезде ауырады?
- ...
- Қашан ауырдыңыз?
- ...
- Қызуыңыз бар ма?
- ...
- Құстыңыз ба?
- ...
- Әлсіздік сезінесіз бе?
- ...
- Ішіңізді басқанда қай жеріңіз ауырады?
- ...
3-Жаттығу
Науқас адамға дәрігердің атынан ем тағайындаңыз. (мәтін бойынша) . Ұсынған еміңізді дәптерге жазыңыз.
4-Жаттығу
Осы тақырыпқа байланысты даналардың сөздерін есіңізге сақтаңыз.
2. Барлық ауру бір-ақ жолмен –қомағайлықпен келеді
(Ж. Баласағұни)
2. Дертке шалдыққанша денсаулықтың қадірін ешкім білмейді.
(Т. Фуллер)
5-Жаттығу
Төмендегі жай сөйлемдерден –са, -се тұлғалы қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер құрастырыңыздар.