Берілген сөйлемдерді (мәтінді тірек ете отырып) аяқтаңыздар.

1.Паспорт бөлімінде науқастың тұрмыс жағдайы ... . 2. Негізгі шағымдар аурудың пайда болу кезеңіне ... . 3. Қосымша шағымға ұйқысыздық ... . 4. Ағзалар қызметінің бұзылуына қарап ауру ерекшеліктерін ... . 5. Шағым екіге .... . 6. Сырқатнама бес бөлімнен ... . 7. Шағымдардың сипаттамасы әр түрлі ауруларда бірдей ... .

 

2-Жаттығу

Шартты бағыныңқылы сөйлемдерге сұрақ қойыңыздар:

1.Ерінбей еңбек етсең, соның рақатын көресің. 2. Егер демалуға барсаң, менімен хабарлас. 3. Маған хат жазсаң, өзіңнің мекен-жайыңды жазуды ұмытпа. 4.Серікті көрсең, менен сәлем айт. 5. Театрға барсаң, маған телефон соқ.

3-Жаттығу

Етістіктерге сұрақ қойып, сөйлемдерді аударыңыздар.

1.Күн ашық болса, студенттер тауға барады. 2. Студенттер түгел келмесе, дәріс болмайды. 3. Біз сабақты жақсы оқысақ, емтиханды тапсырамыз. 4. Сіз ертерек келсеңіз, бәріміз театрға барар едік.

4-Жаттығу

Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерге сұрақ қойыңыздар.

1.Бір елді, бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін алар еді.2. Ерінбей еңбек етсең. Оның рақатын көресің. 3. Егер демалуға барсаң, менімен хабарлас. 4. Маған хат жазсаң, өз мекен-жайыңды жазуды ұмытпа. 5. Біз сабақты жақсы оқысақ, емтиханды тапсырамыз. 6. Сіз ертерек келсеңіз, бәріміз театрға баратын едік.

5-Жаттығу

Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

1.Егер жаңа ай шалқасынан туса, ол айда ауа-райы малға жайсыз болады. 2. Ай тік туса, жайлы болады делінеді. 3. Егер қыс айларында бұлт желге қарай көшсе, кешікпей қар жауады.