Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер
Құрамындағы бағыныңқы сыңардың басыңқыдағы іс-әрекет, оқиғаның шартын білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.
Мысалы:Балалар уақытында келсе, кезекшілер де ерте қайтады.
Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдары
1.Шартты райдың –са, - се жұрнағымен :
Мысалы: Топ ұйымдастырушылары шебер болса, жұмысшылар уақытында бітер еді.
2.Көсемше арқылы:
Мысалы: Ата-аналар келісімін бермей, оқушылар ештеңе шеше алмайды.
3. Есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтарына жатыс септік жалғауы қосылып, оған етістіктің болымсыз түрінің жұрнағы жалғанады:
Мысалы: Көршілер уақытында ескертпегенде күшіктері де жоғалар еді.
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмаластың мағыналары.
1.Іс-әрекет, жүзеге асқаны немесе асатыны айтылады:
Мысалы:Динараны тыңдасаң, бәрі де қалпына келеді.
2. Іс-әрекет, жүзеге аспайтыны, орындалмайтыны айтылады:
Мысалы: Көңіл күйін досы келіп бұзбаса, қазір анасымен театрда отыратын еді.
3. Іс-әрекет, оқиғаның жүзеге асу, аспауы белгісіз, болжалды түрде көрінеді:
Мысалы:Егер әкесінің айтқаны рас болса, ауылдары бірер жылда миллионер болатындай.
Сырқатнама және оның құрылысы
Паспорт бөлімінде науқас адамның тегі, аты, әкесінің аты, жасы, жынысы, ұлты, кәсіби мамандығы, жұмыс және тұрмыс жағдайы анықталады.
Шағым негізгі және қосалқы болып екіге бөлінеді.
Негізгі шағым әр ағзаның, не әр жүйенің ауруына тән белгі. Негізгі шағымдар аурудың пайда болу кезеңіне сәйкес келеді.
Қосымша шағымдар ағзаның патологиялық процеске байланысты жалпы ерекше күй-жайын ғана көрсетеді. Бұл шағымдардың сипаттамасы әр түрлі ауруларда бірдей болуы мүмкін. Қосымша шағымдарға, мысалы, әлсіздік, дел-салдық, терлеу, ұйқысыздық, күйгелектік жатады.
Аурудың даму тарихы. Ауру тарихын зерттегенде анықтау керек жағдайлар: аурудың басталуы, оның даму ерекшеліктері: аурудың пайда болу себебі, өткізілген тексерулер және олардың нәтижелері, жасалған ем және оның нәтижесі.
Ауру адамның өмірбаяны. Ауырған адамның өмірбаяны (қысқаша), науқас адамның ауырған аурулары, жыныс қатынасы және отбасы, еңбек және тұрмыс жағдайы, зиянды әдеттері.
Мүшелер жүйесі бойынша сұрастыру. Бұл бөлімде адам ағзасындағы ең маңызды мүшелердің қызметі жөнінде мәліметтер жиналады. Ағзалар қызметінің бұзылуына қарап оның ауру ерекшеліктерін табуға болады.
Сөздік
Шағым-жалоба
Даму-развитие; развиваться
Кәсіби-профессиональный
Тұрмыс жағдайы-бытовое условие
Тән-характерно
Жөтел-кашель
Күй-состояние
Қақыру-отхаркивание
Ентігу-одышка
Бірдей-одинаковый
Мүмкін-возможно
Сипаттама-описание
Әлсіздік-слабость
Дел-салдық-апатия
Терлеу-потеть
Ұйқысыздық-бессоница
Күйгелектік-нервозность; раздражительность
Тұқым қуалаушылық-наследование
Әдет-привычка
1-Жаттығу.