Жалғаулықсыз құрмалас сөйлем

 

Бұл түрінің жалғаулықты түрінен көп ерекшелігі жоқ. Жалғаулықсыз түрінде мезгілдік қатынас өте берік болады.

 

Мысалы: Гүлнұр билей жөнелді, отырғандар биге қалай қосылғандарын өздері де білмей қалды.

 

Өндірісте

Біздің тобымызда жиырма бір студент бар. Бірінші курстан бастап, кесте бойынша өндіріспен танысамыз. Келешекте алатын мамандығымыз –инструменталшылық. Колледжді бітіргенше бірнеше тәжірибеден өтеміз.

Әсіресе алғашқы курстағы өндірістік тәжірибе қиындау. Ал келер жылы өндірісте үш жарым ай боламыз. Онда өзіміз жеке бөлшектерді автоматты жүйеде дайындай аламыз.

Біз тәжірибені Алматы ауыр көлікжасау сияқты алып зауытта өткіземіз. Онда Германи, АҚШ және Жапониядан әкелінген жоғарғы қуатты станоктар бар. Оларды өндіріске енгізу үшін білім керек.

Жасыратыны жоқ, туелсіз елдің өз мамандары болуы тиіс. Ал менің мамандығымды қазақ жастары біле бермейді. Сондықтан келешек техниканың тетігін өз қолымызға толық алуымыз үшін, жастарды осы мамандықты игеруге шақырамыз.

Сөздік

Кесте-по графику

Дайындай аламыз-готовим

Инструменталшы-инструментальщик

Бітіргенше-до завершения

Қиындау-трудновата

Жеке бөлшек-деталь

Автоматты жүйе-автоматическая линия

Шақыру-пригласить

Алып зауыт-гигант

Жоғарғы қуат-высоковольтный

Енгізу-внедрить

Жасыратыны жоқ-не секрет

Тетігі-механиз

1-Жаттығу

а) мәтінге жай жоспар жасаңыздар.

ә) өздеріңіз болған өндірістік тәжірибе туралы айтып беріңіздер.

б) соңғы абзацты орыс тіліне аударыңыздар.

2-Жаттығу

Қазақ тіліне аударып, күрделі сөйлем құрастырыңыздар.

1.Утром шел дождь. 2. Трава была мокрая. 3. Солнце зашло за горы. 4. Мы не спешили домой. 5. Солнце светило ярко. 6. Днем дождя не было.

3-Жаттығу

Берілген жалғаулықтармен салалас құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Және, бірақ, немесе, сондықтан, өйткені.

4-Жаттығу

Сөйлемді аяқтаңыздар.

1.Жаз шықты да, ... . 2. Жаңа жыл келді де, ... . 3. Мен ауырып қалдым да, ... . 4. Мен анамды жақсы көремін және ... . 5. Анар кітапханаға барды да, ... .

5-Жаттығу

Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

1.Я купила хлеб, а мой друг – молоко . 2. Пациент разделся, и доктор прослушал его легкие. 3. Я хотел купить рубашку, но у меня не было денег. 4. На базаре много фруктов, но Нурлан не купил. 5. Я поеду или поездом, или автобусом. 6. Вечером мы будем гулять по парку, потому что сегодня праздник.

6-Жаттығу

Салалас құрмалас сөйлемдерді көрсетіп, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Түнерген қара бұлт шығыстан соққан қатты дауылдан ығысып, батысқа қарай будақ – будақ көшіп барады. Аздан соң жел біраз саябырлады да, нөсер құйып қоя берді. жер бетін сел басып, сайлар өзенге айналды. Далада жаңбыр бір рет жауса, орманда екі рет жауды