Сабақтың тақырыбы : Жалғаулықсыз құрмалас сөйлем.
Өндірісте.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
1. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін атаңыз.
3.Ыңғайлас салалас құрмалас қалай жасалады?
4.Салалас құрмалас сөйлемнің түрлеріне мысал келтіріңіз.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Жалғаулықсыз құрмалас сөйлемге талдау жасату, жаттығу жұмыстары арқылы жалғаулықсыз құрмалас сөйлемді студенттерге меңгерту.
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
Студент нені меңгеру керек:
- Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлерін, жалғаулықсыз құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын;
- сөздікті қолдана білуді;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
- мысалдар келтіре білуді.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Салалас құрмалас сөйлемнің ережесін жаттап келу. Салалас құрмалас сөйлемнің алты түрлеріне 12 сөйлем құрастыру. Мәтіннің мазмұнын түсініп айтып беру. Мәтіннен жалғаулықсыз құрмаласты тауып жазу.