Мәтіннен салалас құрмалас сөйлемді тауып, түріне ажыратыңыздар.
3-Жаттығу
Салаластың 6 түріне үш-үштен сөйлем құраңыз.
4-Жаттығу
Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
1.Қыркүйек айы келіп жетті де, балаларға сабақ басталды. 2. Ән тоқтады, бірақ гитара сазы үзілмеді. 3. Ол бүгін ерте тұрды, себебі жол жүреді. 4. Сүйікті ақындарым осы- Абай, Махамбет, Мұқағали. 5. Бүгін театрда не спектакль болады, не концерт болады. 6. Театрда кейде спектакль болады, кейде концерт болады.
5-Жаттығу
Көп нүктенің орнына ыңғайлас жалғаулық шылауларды қойып, салалас құрмалас сөйлем жасаңыздар.
1.Мен дәріханаға келдім ..., дәрі сатып алдым. 2. Анам ауырып қалды ... , жедем жәрдем машинасын шақыртты. 3. Білімгерлер сабаққа толық қатысты ..., сабақ өте қызықты өтті. 4. Бүгін өзім келдім ..., барлық жұмыстарымды бітірдім. 5. Көктемнің алғашқы гүлдері гүлдеді ..., даланың беті көктей бастады.
6-Жаттығу
Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
1.Свекнула молния, и загремел гром. 2. Небо снова покрылась тучами, иполил дождь. 3. Мы хорошо работали, и весело отдыхали. 4. Мы ходили в кино, и посмотрели фильм. 5. Приближалось осень, и стало холодать. 6. Солнце зашло за горы, и стало темно.
7-Жаттығу
Көп нүктенің орнына ыңғайына қарай жай сөйлем ойлап тауып, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жасаңыздар.
1.Күн батты да, ... . 2. Қыс келді де, ... . 3. Біз кітапханаға бардық та, ... . 4. Мен жылы киіндім де, ... . 5. Ол дәрігерге көрінді және ... . 6. Биыл қар қалың болды да, ... . 7. Күн ұясына батты да, ... .
8-Жаттығу
Екі бағанадағы жай сөйлемдерден мағынасына қарай ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.
Жаз келді. | Ағаштар бүршік жара бастады. |
Көктем келді. | Шөптер гүлдеді. |
Күз келді. | Үскңрңк аяз басталды. |
Күн бұлттанды. | Күн суытты. |
Қыс келді. | Жаңбыр жауды. |