Біреуі оқығанын айтты да, енді біреулері көргенін әңгімеледі.

Қыркүйек айы келіп жетті де, балаларға сабақ басталды.

Студенттер жатақханасында

Колледж оқушыларының ауылдан келгендері үшін жататын орындары бар.Ол-жатақхана. Жатақхана оқу орнының жанында.Жататын орны бес қабатты, қызғылт түсті, жаңа үлгімен салынған бес қабатты ғимарат. Әр бөлмеде екі студенттен тұрады. Ал әр қабатта оқу бөлмесі, демалыс орны, жуынатын әрі тұрмыс бөлмелері бар.

Үшінші қабатта оқу залы ұлттық нақышпен безендірілген. Мұнда оқушылар теледидар көріп, қызықты кештер өткізеді. Осында бос уақытын өткізеді. Оқу залында сабақтарына әзірленеді. Жатақханада түрлі үйірмелер жұмыс істейді.

Жатақхана фойесі – әдемі де, көрнекті, кең. Сенбі күндері би кеші өткізіліп, танысу іс-шаралары ұйымдастырылады. Фойенің төр жағында дәмхана орналасқан. Ол таңертеңгі сағат 7-ден кешкі сағат 22-ге дейін жұмыс істейді. Білімгерлер мұнда туған күн кешін, танысу, кездесу шараларын өткізулеріне мүмкіндіктері бар.

Жас маманның елден келіп, жан-жақты білім алуларына мұнда жағдай жасалған.

 

Сөздік

тұру-здесь (жить)

жанында-около

қызғылт түсті-розовое

жаңа үлгімен салынған-построено в новом стиле

ғимарат-здание

тұрмыс бөлмесі-бытовая комната

тазалық бөлмесі-гигиеническая комната

жағдай-условие

щқу залы-читальный зал

ұлттық нақышпен-национальном стиле

безендірілген-оформлен

бос уақыт-свободное время

үйірме-кружок

би кеші-дискотека

дәмхана-столовая

елден келген-приезжие

1-Жаттығу

Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

2-Жаттығу