Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері. Жалғаулықты құрмалас сөйлем.
Салалас құрмалас сөйлемнің алты түрі бар.
№ | Салаластың Түрлері | Жалғаулық шылаулары | Жалғаулық шылаулар арқылы байланысуы | Интонация не орын тәртібі арқылы байланысуы |
1 | Ыңғайлас салалас | да, де,та,те, және, әрі | Қыркүйек айы келіп жетті де, балаларға сабақ басталды. | Қыркүйек айы келіп жетті, балаларға сабақ басталды |
2 | Қарсылықты салалас | бірақ, алайда, сонда да, дегенмен | Ән тоқтады, бірақ гитара сазы үзілмеді. | Бас болмақ –оңай, Басқармақ - қиын. |
3 | Себеп-салдар салалас | себебі, өйткені, сол себепті, сондықтан | Ол бүгін ерте тұрды, себебі жол жүреді. | Ол қатты шөлдеді, ыстық күн өтіп барады. |
4 | Түсіндірмелі салалас | Сілтеу есімдіктері: мынау, сол, осы | Сүйікті ақындарым осы- Абай, Махамбет, Мұқағали | Ол баласына екі нәрсені үнемі кеңес етеді: адалдық және еңбек. |
5 | Талғаулықты салалас | Не,немесе, не болмаса, я, яки, я болмаса | Бүгін театрда не спектакль болады, не концерт болады | - |
6 | Кезектес салалас | Бірде, біресе, кейде | Театрда кейде спектакль болады, кейде концерт болады | - |
Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысы баяндауышы жағынан тиянақты тұлғада аяқталатын, өзара тең дәрежеде байланысатын құрмаластың түрін салалас құрмалас сөйлем дейміз.
Мысалы : Өзі балаларға әңгіме айтады, жолдастары тамақ әзірлейді.Бас болмақ – оңай,басқармақ - қиын. Ол қатты шөлдеді, ыстық күн өтіп барады. Ол баласына үнемі кеңес етеді: адалдық және еңбек.
Салалас құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттері іс-әрекеттің жалғастығын білдіреді. Мұндай мағыналық берілуіне да, де, және, әрі жалғаулықтары қызмет атқарады.
Мысалы: Оның ойын достары қостады, әрі туыстары да осылай шешті.