Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
2-Жаттығу
Құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыздар.
3-Жаттығу
Берілген жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем жасаңыздар.
1.Жаз шықты. 2. Шопандар жайлауға көшті. 1. Күн кешкірді. 2. Мал өрістен қайтты. 1. Күн қараңғыланды. 2. Ауылға қайта алмадым. 1. Бүгін күзетке сен барасың. 2. Мен кешкі поездан әкемді қарсы аламын. 1. Қапшағай көліне саяхатқа бардық. 2. Бірақ дұрыс дем ала алмадық. 1. Дәрігер сырқатқа дәрі берді. 2. Ыстығын өлшеді.
4-Жаттығу
Жаттығудың екінші сыңарын өздеріңіз тауып көшіріңіздер.
1.Біз оларға хат жаздық, ... . 2. Мен жатаханаға келдім, ... . 3. Серіктің ата-анасы ауылдан келді, ... . 4. Ағам поезға билет сатып алды, ... . 5.Бүгін ауа салқын болды, ... . 6. Ана тілін ұмытуға болмайды, ... . 7. Таң атты, ... .
5-Жаттығу
Мына сөздерден құрмалас сөйлем құрастырыңыздар.
1. Дос, ол, шынайы.
2. Олжас, оқулық, отыр, оқып.
3. Оқытушы, сынақ, столда, отыр, алып.
4. Далада, доп, бала, жүр, ойнап.
5. Дәрігер берді, сырқат , дәрі.
6-Жаттығу
Берілген нақыл сөздерді есте сақтаңыздар .
1. Ата-анаңа әдеппен сөйле, құрметпен қара, айтқанын сөзсіз орында және оларды әулие тұт.
2. Өнердің қай түрі болса да, үйренуден жалықпа.
3. Туған жеріңді ұмытпа, ло жерге жиі барып тұр, бір уыс топырағын үйіңде қастерлеп сақта.
4. Лауазымы үлкенге жалпаңдама, лауазымы кішіге кекірейме.
5. Абай өлеңдерін жатта. Абай өлеңі-білім, ғылым, үлгі, өнеге, тәлім, тәрбие, адамдықтың кілті.
6. Қаруың білімің мен тілің, сүйенішің, тірегің-ақылың болсын.
«Жеті қазына» кітабы.