Қазақтың халық медицинасының құпиясы
Қазақтың халық медицинасы әу баста-ақ үлкен үш салаға бөлінген. Табибия- диагностика, дәрігерлік-фармакология, емшілік-терапия, дәрі қолдану яки басқа да әдістер арқылы ем жүргізуші екендігін ұғынуға болады. Ендеше қазақтың ертеде озық дамыған алдынғы қатарлы ғылыми медицинасы болды дей аламыз. «Тәуіп»-дәрігер, ауруды анықтаушы (диагноз қоюшы). Балаларымыз медицинаны сақия, яғни денсаулық сақтауға қатысты білімдер жиынтығы деп атаған. Олар науқасты оргнизмдегі өзгерістеріне байланысты салқын, ыстық, құрғақ, ылғал деп төрт топқа бөлген.
Жаңа эраға дейінгі 460-377 жылдары өмір сүрген грек халқының ұлы перзенті, медицина атасы-Гиппократ адам баласын табиғатына қарай былай бөледі: «Әр адамның бір-бірінен айырмашылығы организміндегі төрт шырын: қан, сілекей, сары өт, қара өттің қасиеттеріне тікелей байланысты. Сол төрт шырынның негізін табиғаттың төрт құбылысы-жылы, салқын, құрғақ және ылғал болуынан»-деп пайымдайды. Әйгігі ғұлама Гиппократ ғылыми жұмысқа кіріспес бұрын көп жыл бойы сақтар ішінде (қазіргі қазақтардың бабалары) болғандығын ізі атап өтеді. Гиппократ былай жазған: «Денесінің қандай да бір жері күйдірілмеген сақты табу қиын. Өйткені сақтар күйдіру жолымен емдеуді бірінші орынға қояды».
Қазақтың дәрі-дәрмектен өзге емдері: ұшықтау (тітіркендіру), уқалау, сипалау, ыстық өткізу, суық басу, күйдіру, оңашалау (карантин) әдістері күні бүгін ең тиімді тәсілдер болып отыр.
Сөздік
Қазақ халық медицинасынан сөздік-словарь
Табибия-диагностика-анықтау
Дәрігерлік-фармакология-дәрі-дермек
Емшілік-терапия-емдеу
Тәуіп-диагноз қоюшы-ауруды анықтаушы
Ұшықтау-раздражение-тітіркендіру
Уақалау-массаж-сипалау
Ыстық өткізу-согреть горячим
Суық басу-холодный компресс
Күдіру-обжигать
Оңашалау-карантин (изоляция)
1-Жаттығу