2.Қосарлы айқындауыш дегеніміз не?

2. Оңашаланған айқындауыш пен қосарлы айқындауыштың айырмашылығы қандай?

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік беру, құрмалас сөйлемге талдау жасату, жаттығу жұмыстары арқылы құрмалас сөйлемді студенттерге меңгерту.

Студент нені білу керек:

- ауызекі сөйлеу тілін;

- медицина термин сөздердің қазақша баламасын;

Студент нені меңгеру керек:

- құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын;

- сөздікті қолдана білуді;

- мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

- мысалдар келтіре білуді.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

 

 

Үйге тапсырма беру:

Құрмалас сөйлемнің ережесін білу. Құрмалас сөйлемге мысалдар, жаттығулар орындау. Мәтін бойынша жұмыс жасау.

 

 

 

Құрмалас сөйлем

 

Құрмалас сөйлем –синтаксистің үлкен бір саласы. Тілдегі жай сөйлемдер мен оның күрделенген түрлері бір ғана предикаттық қатынасқа негізделсе, құрмалас сөйлемдер ең кем дегенде екі қатынас негізінде жасалады.

Мысалы:Жұмабай көк құнанды зогға тоқтатыпалған соң, Абай Сағитты маңайлатпай қуып жіберіп, сол бәледен Жұмабайды да , құнанды да өзі құтқарып шыққан.

 

Құрамындағы екі, одан да көп сөйлемдер тұлғалық, мағыналық, интонациялық жағынан өзара тығыз байланыста жұмсалып,күрделі бір ойды білдіре айтуын құрмалас сөйлем дейміз.

Мысалы:Біржан домбырасын қолға алып шерте бастаған соң, жиналған халық күбірлерін тоқтата тына қалды.

Алматықаласындағы орта мектепті бітірді де, азаматтық әуе және инженерлерді даярлайтын Рига институтын 1974 жылы бітірді.

Талғат 1990 жылдан ғарышкерлер қатарына қабылданады, ұзақ уақыт жаттығулардан кейін , 1994 жылы ғарыш саласында тұңғыш рет әуе кеңістігінде 135 тәулік болып, Қазақстан Республикасының ғалымдарының бірнеше құнды зерттеулеріне үлес қосты.