Қосарлы айқындауыш

Қосарлы айқындауыш –сөйлемде өзінен кейін сөздің мағынасын басқа сөзбен айқындап, ерекшелігін ашып көрсетуге жұмсалатын айқындауыш түрі.

Мысалы: Алмас қарт немересінің бетінен сүйді.

Қосарлы айқындауышта айқындауыш сөз бен айқындалушы сөздің орындарын еркін ауыстыра беруге болады.

Қазақ тілінде орыс тілінен ауысқан вагон-клуб, телефон-автомат, сияқты айқындауыштар үлгісімен жасалған Отан-ана, Жер-ана, инженер-құрылысшы қосарлы айқындауыштар бар.

Бүгінгі колледж

Республикалық медицина колледжі Алматы қаласының Ш. Қалдаяқов көшесі мен Қазыбек би көшелерінің қиылысында орналасқан. 70 жылдан аса тарихы бар бұл колледжге Қазақстанға еңбектері сіңген білімді де зиялы, белгілі қоғам қайраткерлері басшылық етіп келді. Біздің бұл ордалы орыннан көптеген білімді де талантты ғылым саңлақтары түлеп ұшты.

Қазіргі таңда білім ордасын тағы да бір белгілі ғылым қайраткері, медицина ғылымының докторы Сұлтан Тұрарұлы Сейдуманов басқаруда. Осы кісінің басқаруымен колледжіміз бүгінгі уақыттың талабына сай инновациялық технологиямен жабдықталуда. Колледжде білімгердің білім алуына жақсы жағдай жасалынған. Білімгердің білімін тексеретін тест орталықтары бар. Дебат клубы мен ағылшын клубтары жұмыс жасайды. Медицина саласына байланысты көптеген жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталған. Әртүрлі сынып сағаттарын өткізетін акті залы бар. Жоғары білімдері бар, жаңа технологияны меңгерген оқытушылар дәріс береді. Интерактивті тақталармен, компьютерлермен жабдықталған бірнеше кабинеттер бар.

 

Сөздік

Білімді –знающий

Құрал-жабдық-принадлежность

Ағылшын-английский

Басқару-возглавить

белгілі – известный

сала-область

 

1-Жаттығу

Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

 

 

2-Жаттығу

Мына қосарлы айқындауыш сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

Айжан апа, Отан-ана, жер-ана, инженер-құрылысшы, Жәнібек қарт, телефон- автомат.

3-Жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңыздар.

1. Әрбір дүние жүзіндегі адам өз ... сүюі тиіс. 2. Менің әкем .... болып жұмыс істейді. 3.Азамат маған ... қоңырау шалыпты. 4.Біз ... құрметтеп, сақтауымыз керек, өйткені ол жер бетіндегі бүкіл адамзатты асырауда.

 

4-Жаттығу

Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

1. Алма позвонила ему из телефона-автомата. 2. Мы должны ценить и уважать свою Родину-мать. 3.Тетя Алина забрала свою племяницу из школы. 4. Дед Мазай на лодке перевез зайцев в другой берег реки.

5-Жаттығу

Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

1. Колледжде білімгердің білім алуына жақсы жағдай жасалынған. 2. Білімгердің білімін тексеретін тест орталықтары бар. 3. Дебат клубы мен ағылшын клубтары жұмыс жасайды. 4. Медицина саласына байланысты көптеген жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталған. 5. Әртүрлі сынып сағаттарын өткізетін акті залы бар. 6. Жоғары білімдері бар, жаңа технологияны меңгерген оқытушылар дәріс береді. 7. Интерактивті тақталармен, компьютерлермен жабдықталған бірнеше кабинеттер бар.

Тест

 

 

1.Күрделі бастауышты табыңыз.

А)Мәдени,демалыс паркі

В)Бәріміз жиналдық

С)Бұлтты аспан

Д)Мынау қоян жепті ғой

Е)Төрт жердегі төрт-он алты

2. Дара бастауышы бар сөйлемді табыңыз.

А)Еңбек түбі-береке

В)Жиырма бес жас маған тағы қайтып келсе ғой

С)Ырыс алды-ынтымақ

Д)Талаптыға нұр жауар

Е)Төрт жердегі төрт-он алты

3. Есімдіктен болған бастауышты табыңыз.

А)Біздің қақпан әне

В)Сіздің бар шығармаларыңыз осы үйден табылады

С)Шай әлдеқашан жиналған

Д)Сіздерге ақылды көп үйреттік

Е)Бәрі келген болар

4. Бастауыш қай сөз табынан келген?

Кейбіреулер сәл тоқтап, Абайдың аузына қадалды.

А)Зат есім

В)Сын есім

С)Есімдік

Д)Етістік

Е)Одағай

5. Баяндауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді көрсетіңіз.

А)Бірлік болмай, тірлік болмас

В) Ақтайдың үйі салтанатты, көрікті

С)Ол тесілсе, сыздана қарайды

Д)Кірпігін сирек қағады

Е)отансыз адам-ормансыз бұлбұл

6. Негізгі сын есімнен жасалған бастауышты көрсетіңіз.

А)Арман-адам қанаты

В)Көрмес-түйені де көрмес

С)Айла-алтау, ақыл-жетеу

Д)Көне сөз –жаңа сөздің қазығы

Е)жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер

7. Күрделі сан есімнен болған баяндауышты анықтаңыз.

А)Бұл-елеусіз нәрсе емес

В)Марат пен Қанат жүздесті

С)Аттың басын тежеп ұста

Д)Жатақтар әбіржіді

Е)Сиыр-төрт жүз, жылқы – мың үш жүз

8. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны табыңыз.

А)Амангелді-сынды батырды ел ұмытпас

В)Ағалы-інілі екеуіне сүйсіндік

С)Келіп тұрғаны-осы

Д)Үгіт-насихат жұмысын жүргіз

Е)Көрмес-түйені де көрмес

 

9. Анықтауыштың сұрағын табыңыз.

А)қашан?

В) қай?

С)қалай?

Д)қайтті?

Е)неге?

10. Табыс септігіндегі сөз қай сөйлем мүшесі болады?

А)анықтауыш

В) мекен пысықтауыш

С)тура толықтауыш

Д)жанама толықтауыш

Е)қимыл-сын пысықтауыш

11. Қашан? Қайда? –қай сөйлем мүшесінің сұрақтары?


А)пысықтауыш

В)анықтауыш

С)бастауыш

Д)толықтауыш

Е)баяндауыш

 

 

12. Бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?

 

А)сызықша

В) үтір

С)нүкте

Д)қос нүкте

Е)нүктелі үтір

13. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелердің алдынан келсе, одан кейін... қойылады.

А)қос нүкте

В)үтір

С)сызықша

Д)нүктелі үтір

Е)нүкте

14. Жалпылауыш мүше бола алатын сөзді белгілеңіз.

А)жетеуіміз

В)сонау

С)әрбір

Д)ешкім

Е)сондықтан

15. Бұл жолы дастарханға жүрегі мейірімге толы, жылы жүзді кісілер келіп отырады. (Бірыңғай мүшелер сөйлемнің қай мүшелері болып тұр?)

А)бастауыш

В)баяндауыш

С)толықтауыш

Д)пысықтауыш

Е)анықтауыш

16. Сөйлем ішінде тұрса да, басқа мүшелермен байланыспайтын мүше қайсысы?

А)оқшау сөз

В)айқындауыш мүше

С)бірыңғай мүше

Д)жалпылауыш мүше

Е)тұрлаулы мүше

18. Қазақтың даласы, шіркін, кең байтақ қой! Асты сызылған сөздің түрін ажыратыңыз.

А)қаратпа сөз

В)қыстырма сөз

С)одағай сөз

Д)жалпылауыш сөз

Е)бірыңғай мүше