Айқындауыш мүше
Сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын екінші бір сөзбен дәлдеп анықтап, оның мазмұн-мәнін ашып көрсететін мүшені айқындауыш мүше дейміз.
Мысалы:Кеше, оныншы наурызда, баспасөз конференциясында айтылды. Біржан қарт немерелеріне өзінше ат қоятын.
Айқындауыштың негізгі белгілері:
1. Алдындағы сөздің мазмұнын ашып, түсіндіріп тұрады.
2. Жасалуы жағынан өзі айқындайтын сөзіне орайлас, тұлғалас болады.
3. Айқындауыштың екі түрі бар: оңашаланған айқындауыш және қосарлы айқындауыш.
Өзінің алдында тұрған сөзді нақтылап, дәлдеп түсіндіретін бір немесе бірнеше сөзді оңашаланған айқындауыш дейміз.
Мысалы:Олар, екінші сынып оқушылары, ерекше татулықтарын да көрсетті.
Колледжімізді басқарған басшылар
(Ізмұхамбетов Талапқали Әбішұлы)
Ізмұхамбетов Талапқали Әбішұлы 1943 жылы мамыр айының бірінші жұлдызында Астрахань ауданы, Жан-Ауыл ауылында туылды. Білімі жоғары. 1966 жылы Астрахань мемлекеттік медицина институтын (емдеу дәрігері) және 1994 жылы әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (заңгер-құқық танушы) бітірді. Медицина ғылымының кандидаты.
Еңбек қызметі Шығыс Қазақстан облысында басталды, жиырма жыл бойына дәрігер-хирург, ауданның бас дәрігері, денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болды. 1987 жылдың тамыз айынан бастап, 1990 жылдың мамыр айына дейін Қазақ ССР денсаулық сақтау министрі болып қызмет атқарды.
1990-1995 жылдар кезеңінде Жоғарғы Кеңес Комитетінде, кейін Үкімет аппаратында қызмет атқарды.
1995 жылдың мамыр айынан біраз уақытқа дейін Республикалық медицина колледжінің директоры болып қызмет атқарды.
Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қызметкері, Денсаулық сақтау ісінің үздігі.
Талапқали Әбішұлы қаладағы үмітсіз ауруларға арналған бірінші хоспистік аурухананың ашылуына (жергілікті үкіметтің қолдауымен) бастаушы болды, кезінде қалалық диагностика орталығының, жетінші аурухананың , ірі емханалардың құрылыстарына және іске қосылып пайдаланылуына белсенділікпен тікелей қатысты.
Жұбайы Людмила Николаевна 1947 жылғы, Республикалық медицина колледжінде орыс тілі және әдебиетінен дәріс берген.
Қазіргі кезде екі баланың әкесі, немерелерінің атасы Талапқали Әбішұлы құрметті зейнеткер.
Сөздік
Заңгер-құқық танушы-юрист-правовед
Емдеу дәрігері-врач терапевт
Сіңірген-заслуженный
Жергілікті-местный
Бас дәрігері – главный врач
Денсаулық сақтау-Здравохранение
Кеңес-Совет
1-Жаттығу
Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
2-Жаттығу
Осы мәтіндегі оңашаланған айқындауышы бар сөйлемдерді тауып жазыңыздар.
3-Жаттығу
Оңашаланған айқындауышы бар сөйлемді тауып айтыңыз.
1.Өз араларынан ұйымдастыру қабілеті бар жастарды тағайындайды. 2.
Бүгін, жиырмасыншы сәуірде, студенттер кеңесінде осы мәселенің төңірегінде сөз қозғалды. 3. Еңбек семестрінде оқушылар еңбекке төселеді. 4. Олар, бірінші курс студенттері практика сабақтарына қатысты.
4-Жаттығу
Сөйлемдерді дұрыс құрап жазып, аударыңыздар.
Ақтауға дейін (автокөлікпен, ұшақпен, поезбен, атпен, кемемен, жаяу) бардық.
Лекциядан соң (жатақанаға, мұражайға, үйге, базарға, ауруханаға, дәмханаға) келеді.
Асан (Астанада, пәтерде, ауылда, жайлауда, шетелде) тұрады.
5-Жаттығу
Көп нүктенің орнын төмендегі керекті сөз тіркестерімен толықтырып жаз.
Ас адамның ... . Дені саудың ... . Еңбек етсең ерінбей, ... . Ана бұлақ, бала ... . Асыл тастан ... . Кітап ... . Әке асқар тау, ... ана ... . Батыр туса - ел ырысы, жаңбыр жауса - ... .
(жаны сау, өнер жастан, жағасындағы құрақ, тояды қарның тіленбей, арқауы, білімбұлағы, қайнар бұлақ, жер ырысы ).