Сабақтың тақырыбы : Сөйлемнің айқындауыш мүшелері. Оңашаланған айқындауыш.
Колледжімізді басқарған басшылар.
Сабақтың түрі: теориялық,қалыпты, жаңа сабақты меңгерту.
Сабақты өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, сұрақ қою, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-тілге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Заңның негізгі мәніне көз жеткізу;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізгі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергендіктерін тексеру .
1.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не?
2.Бірыңғай бастауыш, баяндауыш қалай жасалады?
3. Бірыңғай толықтауыш деген не?
3.Бірыңғай анықтауыш қалай жасалады?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сөйлемнің айқындауыш мүшелері, оңашаланған айқындауыш туралы жалпы түсінік беру, сөйлемнің айқындауыш мүшелері, оңашаланған айқындауышқа синтаксистік талдау жасату, жаттығу жұмыстары арқылы сөйлемнің айқындауыш мүшелерін, оңашаланған айқындауышты студенттерге меңгерту.
Студент нені білу керек:
- ауызекі сөйлеу тілін;
- медицина термин сөздердің қазақша баламасын;
Студент нені меңгеру керек:
- сөйлемнің айқындауыш мүшелері, оңашаланған айқындауыштың жасалу жолдарын;
- сөздікті қолдана білуді;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
- мысалдар келтіре білуді.
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Оңашаланған айқындауыштың ережесін біліп келу. Берілген жаттығуларды орындау. Мәтіннің мазмұнын меңгеріп, түсіндіру.