Сабақтың тақырыбы : Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Бірыңғай толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш.

Халықтық хирургия.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу. Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыштың қызметін у;

- Матасудың жасалу жолдарын меңгеру;

- Сөздікті қолдана білуді;

- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

- Мысалдар келтіре білуді.

 

Дамытушылық:

- Мәтінмен жұмыс істей отыра, оқушының ойлау қабілетін шапшаңдығын, тез шешім табуын ұштау;

- Оқушылардың сөздік қорын молайту;

- Ой- қиялына ерік бере отырып, өзінше ойын түйіндеуге бағыттау ;

- Оқу материялынан ең бастысы табу, талдау, салыстыру, ойлау қабілеттерін дамыту;

- Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

 

Тәрбиелік:

- Оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру;

- Білімгерлерді адамгершілікке тәрбиелеу ;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин.

5. Сабақты қорытындылау 7 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 4-5 мин.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

 

 

· Біріңғай мүшелердің қанша түрі бар?

· Біріңғай мүшелердің сөйлемдегі орны қандай?

· Ұлтық медицина дегеніміз не?

· Ұлтық медицинаның жағдайы қандай?

· Сөйлемдегі біріңғай мүшелер дегеніміз не?

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

1) Толықтауыш дегеніміз не ?

2) Пысықтыуыш дегеніміз не?

3) Анықтауыш дегеніміз не?

4) Халықтық хирургия дегенді қалай түсіненсің.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру: Бірыңғай толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштың

жасалу жолдарын,ережесін айту.« Халықтық хирургия» мәтінінен түсінгенін

әңгімелеу. Мәтінді аудару,жаңа сөздерді жаттау.

 

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

 

 

 

     
 

 

 

Халықтық хирурги

Хирургия­-ғылыми медицинаның күрделі, өте маңызды және жауапты саласы. Өйткені адам жанына қауіп төнгенде ажал алқымнан алғанда, хирург скальпелін алып, қазаға қарсы шығады, сырқатты өлімнен өмірге қайтарады. Емдеуге жататын кесел-дерттің түр-тұрпатына қарай хирургия деп екі түрде аталады. Аурудың түріне, өзінің білім шамасына қарай бірқатары консервативтік, басқалары операвтивтік тәсілдерге жүгінеді. Әрине, жарақаттың ең қолайлы, түбегейлі емі-операция.Жаңа сойған қоян мен тышқанның жылы терісін шиқанға, ісікке жапсырып емдеген.Халық медицинасында науқастан қан алу, денені жайлаған дертті қанмен шығару емнің күштісі болып саналады. Қан алып емдеу ғылымға қайшы емес.Шынында да, операция өте қажетті емнің бірі. Оны жасайтын арнаулы блок-бөлмелер, онда хирургиялық құралдар таза әрі мұқият сақталады. Кесетін, қысатын, жабатын, сүртетін зат, құрал-саймандар, хирург киімі болады. Хирургтің қолы таза жуылып, дәріленуі шарт. Бұл талап халық хирургтарына да қойылады.

 

1-жаттығу.Мына өлең үзіндісін мәнерлеп оқып,ондағы сын есімдерді табыңыз.

Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған,

Сонда жатыр менде жүрген,орындалмас бар арман.

Жүзің сенің көкте күннен,жерде гүлден нәр алған,

Шашың сенің жан баспаған жапандағы қара орман...

2-жаттығу.Сөйлемдердегі сандарды сөзбен жазыңыз.

Қабылан–мысық тектес аң.Ол сағатына 104-112 километр жүгіреді.Арыстан мен киік сағатына 80 километр жүгіреді.Қоян мен қасқыр сағатына 45 километр жүгіреді.Қарлығаш сағатына 110 километр ұшады.

3-жаттығу.Мәмбет бидің нақылын оқып,талдаңыздар.

Әйеліңмен дос бол,үйіңе береке кіреді.

Азаматпен дос бол,адамшылығыңды біледі.

Білімдімен дос бол,сасқанда ақыл береді.