Бірыңғай мүшелердің негізгі белгілері
1. Бір сұраққа жауап береді.
2. Сөйлемде кемінде тұлғалас екі сөз болады.
3. Әрбір мүше бөлініп, санамаланып айтылады.
4. Көбінесе бір сөз табына қатысты болып келеді.
5. Бірыңғай мүшелер кей жағдайда жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Үтір белгісімен бөлінеді.
6. Бірыңғай мүшелерді, негізінен ыйғайластық (да, де, та, те, және, мен, бен, пен), кезектес (бірде, біресе, кейде, бір), талғаулықты (не, немесе, я, әлде, не болмаса),
7. Бірыңғай мүшелер сөйлемде көптік, септік жалғаулы болып келгенде, жалғау әрқайсысына жалғанбай, ең соңғы мүшеге жалғанып, ол мүше жинақтаушы ретінде де жұмсалады: Абай, Ербол, Ызғұттылар ас үйлерге жақындай беріп, өзара күңкілдесті. (М. Әуезов).
Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері: Тек қана мен, және шылауларымен байланнысса үтір қойылмайды , басқа уақытта үтір қойылады.
Бірыңғай бастауыштармен баяндауыштар өзара жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Мұндай қызмет атқаратын жалғаулықтар бірнешеу.
1. Бірыңғай бастауыш. Қайбар, Күлтай, Байтас, Кәрім – бір класта оқиды.
2. Бірыңғай баяндауыш. Ол біресе аяңдайды, біресе жүгіреді, біресе тоқтайды.
1. және, мен (бен, пен) та, те, тағы, әрі.
2. не, немесе, не болмаса, я, әлде.
3. бірде, біресе, кейде.
4. бірақ, алайда, сонда да.
Ұлттық медицина
Қазақтың халық медицинасы әу баста-ақ үлкен үш салаға бөлінген. Табибия- диагностика, дәрігерлік-фармакология, емшілік-терапия, дәрі қолдану яки басқа да әдістер арқылы ем жүргізуші екендігін ұғынуға болады. Ендеше қазақтың ертеде озық дамыған алдынғы қатарлы ғылыми медицинасы болды дей аламыз. «Тәуіп»-дәрігер, ауруды анықтаушы (диагноз қоюшы). Балаларымыз медицинаны сақия, яғни денсаулық сақтауға қатысты білімдер жиынтығы деп атаған. Олар науқасты оргнизмдегі өзгерістеріне байланысты салқын, ыстық, құрғақ, ылғал деп төрт топқа бөлген.
Жаңа эраға дейінгі 460-377 жылдары өмір сүрген грек халқының ұлы перзенті, медицина атасы-Гиппократ адам баласын табиғатына қарай былай бөледі: «Әр адамның бір-бірінен айырмашылығы организміндегі төрт шырын: қан, сілекей, сары өт, қара өттің қасиеттеріне тікелей байланысты. Сол төрт шырынның негізін табиғаттың төрт құбылысы-жылы, салқын, құрғақ және ылғал болуынан»-деп пайымдайды. Әйгігі ғұлама Гиппократ ғылыми жұмысқа кіріспес бұрын көп жыл бойы сақтар ішінде (қазіргі қазақтардың бабалары) болғандығын ізі атап өтеді. Гиппократ былай жазған: «Денесінің қандай да бір жері күйдірілмеген сақты табу қиын. Өйткені сақтар күйдіру жолымен емдеуді бірінші орынға қояды».
Қазақтың дәрі-дәрмектен өзге емдері: ұшықтау (тітіркендіру), уақалау, сипалау, ыстық өткізу, суық басу, күйдіру, оңашалау (карантин) әдістері күні бүгін ең тиімді тәсілдер болып отыр.
Сөздік
Қазақ халық медицинасынан сөздік-словарь
Табибия-диагностика-анықтау
Дәрігерлік-фармакология-дәрі-дермек
Емшілік-терапия-емдеу
Тәуіп-диагноз қоюшы-ауруды анықтаушы
Ұшықтау-раздражение-тітіркендіру
Уақалау-массаж-сипалау
Ыстық өткізу-согреть горячим
Суық басу-холодный компресс
Күдіру-обжигать
Оңашалау-карантин (изоляция)
1-жаттығу.Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып,сөйлемді толықтырыңыз.
Дәрігер --- ...қорғаны.Адамдар ауырған кезде ... барады. Қазіргі кезде аурудың түрлеріне қарай ... мен ... жұмыс істейді.Егер ... жағдайы нашар болса,ол ауруханада жатып емделе алады.Егер үйіне барып келе алатын болса, ... емделеді.
Ең абзалы-- ... . «Денсаулық—зор ...» деп ... тегін айтпаған.
Керекті сөздер: ауруханалар, байлық, халқымыз,ауырмау,емханалар, денсаулық, аурудың, дәрігерге,емханада.
2-жаттығу.Сөйлемдерден бастауышты табыңыз.
Ұйқының маңызы.
Адамның орташа өмірі 60-75 жас болса, соныі 25-30 жылы ұйқыға кетеді.Ұйқысыз ағзада тіршілік болмайды.Ұйқы орталық жүйке жүйесі мен миға жағымды әсер етеді.Адам ұйықтап тұрғаннан кейін кейін шаршағаны басылып,жұмысқа қабілеті артады.Адам ұйқының мезгілін сақтап,дұрыс демалуы қажет.Ұйқысыздық –қатерлі кесел.Оның алдын алу керек.Ол үшін күнделікті бір уақытта жатып,бір уақытта үйрену керек.
3-жаттығу.Сөз тіркестерін оқып,оларды сөйлемге айналдырыңыз.
Негізгі заң,заң күші бар,пайдалы кеңес,ұлттық валюта,ыңғайлы орын,заңғар тау,заңғар жазушы,тұңғыш ғалым,тең құқылы,жаңа заң.
4-жаттығу. Төмендегі сөзді септеңіз.Сөйлемдер құраңыз.
![]() |