Сабақтың тақырыбы : Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Бірыңғай бастауыш пен баяндауыш. Ұлттық медицина.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу. Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Сөйлемдегі бірыңғай бастауыштың, баяндауыштың қызметін;

- Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің жасалу жолдарын меңгеру;

- Сөздікті қолдана білуді;

- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

- Мысалдар келтіре білуді.

 

Дамытушылық:

- Өз беттерімен әрекеттену дағдысын қалыптастыру;

- Тіл байлығын, сөздік қорларын молайту;

- Ауызекі сөйлеу, оқу дағдыларын қалыптастыру;

- Ауызша және жазбаша тілдерін, көру жіне есту қабілеттерін дамыту;

- Өз бетінше ізденуге ;

- Ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету ;

- Өз ойын еркін жеткізуге баулу;

- Жылдам жауап беруге жаттықтыру;

 

Тәрбиелік:

- Оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру;

- Білімгерлерді адамгершілікке тәрбиелеу ;

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

 

1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 25 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин.

5. Сабақты қорытындылау 7 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 4-5 мин.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

· Пысықтауыштың түрлерін атаңыз?

· Пысықтауыштың жасалу жолдарына тоқталыңыз?

· Пысықтауышты үстеумен байланыстырыңыз.

· Гастрит қай жүйенің ауруы?

· Жедел гастриттің белгілерін атаңыз?

· Жедел гастриттің емін атаңыз?

· Пысықтауыштар қандай сұрауларға жауап береді?

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

1) Сөйлемдегі біріңғай мүшелер дегеніміз не?

2) Біріңғай мүшелердің қанша түрі бар?

3) Біріңғай мүшелердің сөйлемдегі орны қандай?

4) Ұлтық медицина дегеніміз не?

5) Ұлтық медицинаның жағдайы қандай.

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру: Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін, жасалу жолдарын,ережесін айту.« Ұлттық медицина» мәтінінен

түсінгенін әңгімелеу. Мәтінді аудару,жаңа сөздерді жаттау.

 

 

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.